Шекарадан заңсыз ақша алып өтпек болғандар ұсталды

19 Наурыз 2024, 22:44
605
Бөлісу:
Шекарадан заңсыз ақша алып өтпек болғандар ұсталды
Фото: Нұркен Алишев -архив

Жетісу облысындағы "ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде ҚР-дан әкету кезінде еліміздің екі азаматынан декларацияланбаған ақшалай қаражат анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

Бір азаматта 45 мың доллар, ал екіншісінде 2,6 млн теңге мен 5 мың доллар көлемінде қолма-қол ақша болған. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады, - делінген хабарламада.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Одан бөлек, ШЫХО-Қорғас келушілерінің багажын тасымалдайтын автокөлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу кезінде ҚР үш азаматының жүктерінің арасынан темекі өнімдері табылды.

Белгіленген нормаларға сәйкес бір жеке тұлғаға 200 темекі немесе 1 блок темекі тасымалдауға рұқсат етіледі (ЕЭК-тің 20.12.2017ж. № 107 шешімдері).

Қазіргі уақытта контрабандалық тауар уақытша сақтау қоймасына орналастырылған, есептеу жүргізілуде. Нәтижелері бойынша ҚР әкімшілік заңнамасында көзделген шаралар қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы