Қазақ-өзбек шекарасында су есептейтін қондырғылар орнатылады

19 Наурыз 2024, 17:22
320
Бөлісу:
Қазақ-өзбек шекарасында су есептейтін қондырғылар орнатылады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін су есептейтін қондырғыларды орнату жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ретте Қазақстан Өзбекстан аумағында су есептейтін құрал орнатса, өзбек тарапы біздің елде өз қондырғыларын қояды. Сондай-ақ тараптар өзара онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады. Қазақстан Өзбекстанның аумағында жиналған деректерге, ал өзбек жағы біздің елдегі деректерге қол жеткізе алады.

Қазір қос мемлекеттің сарапшылары су есептейтін қондырғылар орнатылатын орындарды келісіп жатыр. Сондай-ақ жобаға
халықаралық ұйымдарды да тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Су есептейтін құралдарды орнату екі ел тұтынатын су көлемін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Сәуір айында біз басқа да көршілес мемлекеттермен осындай жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізуді бастауға ниеттіміз, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы