Астанада құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті табысталды

19 Наурыз 2024, 18:08
469
Бөлісу:
Астанада құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті табысталды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті берілгенін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Наурыз мейрамы қарсаңында ТЖД қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды. Қоныс тойын тойлап жатқандар арасында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімшелерінің командирлері бар. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер күн сайын қала тұрғындарына көмекке ұмтылады. Олардың еңбегі қашанда бағалы.

Астанада құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ТЖМ-мен бірлесіп, еңбек жағдайларын және тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жұмыс істейміз. Мәселен, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біз тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы) кеңейттік, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, онда ТЖД қызметкерлерінің санатын арнайы жеке қарастырдық. Сол сияқты Департамент қызметкерлері үшін тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Соңғы үш жылда ТЖД қызметкерлеріне 90 пәтер берілді,- дейді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, өткен айда Көктал елді мекенінде өрт сөндіру депосы ашылған болатын. Оның аумағында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін 18 қызметтік пәтерге арналған жатақхана қарастырылған.

Астанада құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті табысталды

Сонымен қатар, қазір өрт сөндіру депосын Үркер елді мекенінде салып жатырмыз, Телман және Интернациональный елді мекендерінде, сондай-ақ 28-ші көшеде тағы үш бөлімшені жобалап отырмыз. Өткен жылы Департаменттің автопаркі 21 техникамен толықты, - дейді Жеңіс Қасымбек.

Астанада құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті табысталды
Өзгелердің жаңалығы