ШҚУ суденттері есу слаломынан Азия чемпионы атанды

19 Наурыз 2024, 07:25
285
Бөлісу:
ШҚУ суденттері есу слаломынан Азия чемпионы атанды
Фото: baq.kz

Паттайя қаласында (Таиланд) жастар мен жасөспірімдер арасында слаломнан он үшінші Азия чемпионаты өтті. Бұл турнирде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері Виктория Маисеева мен Влада Тараданова командалық жарыстарда алтын медаль жеңіп алды. Қыздар әр түрлі командаларда өнер көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Олар әйелдер байдаркасында 23 жасқа дейінгі жас санатында басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кету керек, Виктория Маисеева ШҚО өкілдері болып табылатын Дарья Чешуина және Анастасия Ананьевамен бірге өнер көрсетті.

Влада Тараданова да екі күміс медаль жеңіп алып, жеке жарыстарда ерекшеленді.

Бұл чемпионатқа Азия континенті елдерінің ең мықты спортшылары қатысты, - деп бөлісті спортшылар. – Бұл санатта біздің құрамадан басқа Қытай, Қытай Тайбэй, Өзбекстан, Таиланд, Үндістан, Корея, Малайзия, Мьянма, Моңғолия командалары бақтарын сынасты. Команданың үйлесімді жұмысы мен тыңғылықты жаттығулар бізге нәтижелі өнер көрсетуге көмектесті.

Алда қыздарды жаңа жарыстар тосып тұр, енді соларға дайындалады. Олар осы спорт түрінен Қазақстан Республикасының алдағы чемпионатын маңызды жарыстардың бірі деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы