Елімізде қымыз өндірісі артты

19 Наурыз 2024, 12:50
296
Бөлісу:
Елімізде қымыз өндірісі артты
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткішін қарап көрдік,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше,  өткен жылдың 12 айында қымыз өндірісі 10,6% өсіп, 2 463 тоннаға жетті.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 236 тоннаға артық.

Алайда шұбат өндірісі 2% төмендеп, 3003 тоннаны құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 61 тоннаға аз.

Өзгелердің жаңалығы