Қорғаныс министрі түркиялық делегациямен кездесті

19 Наурыз 2024, 15:37
331
Бөлісу:
Қорғаныс министрі түркиялық делегациямен кездесті
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Билал Дурдалының басшылығымен келген шетелдік делегацияны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның құрамында қорғаныс ведомствосының, Қазақстандағы Түркия елшілігінің және қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының өкілдері бар.

Қорғаныс министрі түркиялық делегациямен кездесті

Кездесу барысында тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы қарым-қатынастың аспектілерін талқылады.

Қорғаныс министрі түркиялық делегациямен кездесті
Өзгелердің жаңалығы