Орыстілді қазақ екенім маңдайымда жазылып тұр ма – Асқар Ілиясов

19 Наурыз 2024, 13:04
6323
Бөлісу:
Орыстілді қазақ екенім маңдайымда жазылып тұр ма – Асқар Ілиясов
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

BAQ.KZ-те тұсаукесер! Qazaqşa qoldau жобасы көрерменге жол тартты.

Жобаның алғашқы қонақтары – Асқар және Аңсар Ілиясовтар. Подкастта бірінші тілдері орыс тілі болған ағалы-інілі актерлар өмірлеріндегі қазақ тілінің орны туралы айтып берді.

Шығарылымда Асқар Ілиясов ата-анасы онымен қай тілде сөйлескенін, қандай мектепте оқығанын, қазақ тілі неліктен стресспен ассоциацияланатынын, оның қазақша сөйлеуіне не түрткі болғанын, ана тілін білмеудің психологиялық қиындықтары мен адамдардың оған әрдайым орыс тілінде қызмет көрсететінін ашып айтып берді.

Ал Аңсар Ілиясов неліктен бірінші тілі қазақ тілі болмағанын, тілді тұрмыстық деңгейден көтеру үшін не істеу керегін, қазақша рөлдерді сомдаудың мемлекеттік тілді дамытуға әсері туралы ойларын ортаға салды.

Жобаның екінші бөлігі калька және қазақ тілінде жиі кездесетін қателіктер тақырыбындағы талқыға арналды. Асқар және Аңсар Ілиясовтар сөйлемнен кальканы және қатені табу тапсырмаларын орындады.

Подкастты төмендегі сілтемеге кіріп, тамашалай аласыз.

Qazaqşa qoldau – қазақша сөйлеуге тырысып жүрген және мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңуін қалайтын кез келген адамға психологиялық және танымдық қолдау көрсетуді көздейтін жоба.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы