Таразда көгалдандыру жұмыстары қарқын алды

19 Наурыз 2024, 03:23
332
Бөлісу:
Таразда көгалдандыру жұмыстары қарқын алды
Фото: Тараз қаласы әкімдігі

Таразда 2024 жылғы наурыз-мамыр айларында кестеге сәйкес, қала аумағында 4 100 дана жабық тамырлы 1-ші санаттағы әртүрлі ағаштар түрін отырғызу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, «Жеңіс», Қ.Рысқұлбеков саябақтары, Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйі саябағы, әуежай сквері, Арбат 1, Теміржол бекеті, Саңырақ батыр скверлері жасыл желекпен көмкеріледі.

Қала аумағында 12 мың шаршы метр гүлзарға гүл отырғызу көзделуде. Оның 5000 шаршы метріне сәуір айында отырғызылмақ. Бұған қосымша 627 шаршы метр қазандыққа гүл егіледі. Сондай-ақ көпжылдық гүлдермен қоса 15 мың дана раушан гүлі Абай, Төле би көшелеріне, Жамбыл даңғылына, Ниетқалиев, Сейфуллин көшелеріне және үлкен көше қиылыстарына отырғызылады, -дер жазылған қала әкімдігінң мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы