Бейжіңде "Қан мен тер" талқыланды

19 Наурыз 2024, 23:07
419
Бөлісу:
Бейжіңде "Қан мен тер" талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі "KSAC"-тың (қазақстандық студенттердің Қытайдағы қауымдастығы) студенттерінен құралған "Оқырмандар клубымен" бірлесіп Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер ведомствосына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық жолына талдау жүргізілді, әлемге танымал «Қан мен тер» трилогиясы жеке талқыланды, автордың өзектілігін әлі күнге дейін сақтап келген әдебиетке қосқан үлесі қарастырылды.

Сұхбат барысында студенттер "Қан мен тер" шығармасында баяндалған Қазақстанның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты ашатын ұлы жазушының шығармалары туралы пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы