Астанада өткен түнде 14 мың текше метрден астам қар шығарылды

19 Наурыз 2024, 21:15
322
Бөлісу:
Астанада өткен түнде 14 мың текше метрден астам қар шығарылды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 19 наурыз күні қар күреуге 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

19 наурыз күні таңертең қала көшелерін қардан тазалауға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 1,1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
18 наурыздан 19 наурызға қараған түні коммуналдық қызметкерлер полигондарға 1,1 мыңнан астам рейс жасап, 14 мың текше метрден астам қар шығарды.

Астанада өткен түнде 14 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қыс басынан бері елордадан 478 мыңнан аса рейс арқылы 6,5 млн текше метрге жуық қар шығарылды.

Айта кетейік, қалада қар мен мұзды күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп жатыр.

Астанада өткен түнде 14 мың текше метрден астам қар шығарылды

Ең алдымен орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазартылады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Астанада өткен түнде 14 мың текше метрден астам қар шығарылды

Көлік жүргізушілері жолда мұқият болуы, жылдамдық режимін сақтауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы