Кеше құтқарушылар құдықтан алып шыққан қыз көз жұмды

19 Наурыз 2024, 10:22
710
Бөлісу:
Кеше құтқарушылар құдықтан алып шыққан қыз көз жұмды

Кеше құтқарушылар құдықтан шығарып алған қыз қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Оtyrar.kz жазды.

Мамандар қызды алып шыққанда ол әлі тірі болған екен. Құтқарушылар алғашқы көмек көрсеткенмен кеш болған, ол бірнеше минуттан кейін көз жұмған.

Жәбірленуші дәрігерлерге тапсырылған, олар қыздың қайтыс болғанын мәлімдеген.

Қазір полиция қыздың өзі құдыққа құлап кеткенін немесе оны біреу итеріп жібергенін анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңғы сағат 9:18-де ТЖД-да 1994 жылы туған қыздың дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабарлама түскен. Оны құтқаруға 31 адам мен 5 техника қатысқан еді.

Өзгелердің жаңалығы