Все новости за 11 қазан 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Әскери борышын өтеген десантшылар Астанаға келді
Астанада әскерде борышын өтеп қайтқан десантшыларды қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Абайлық тұрғын Қытайдан тауар алдырамын деп алаяқтың құрбаны болды
Абай облысының тұрғыны Қытайдан тауар алдырамын деп алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Конституциялық Сотта азаматтар қандай құқық нормаларын даулады
Азаматтардың өтініштері бойынша 40-тан астам құқықтық нормалардың Конституцияға сәйкестігі тексерілді.
-
Заңды тұлғалар саны 5,1% өсті
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 529 411 заңды тұлға тіркелген, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5.1% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауғанстанда тағы жер сілкінді. Отандық жасақ Чолктулаға жіберілді
Қазақстанның құтқарушылары Герат провинциясындағы қиратушы жер сілкінісінен кейін үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Солтүстікте ауыл шаруашылығы техникасы шығарылады
СҚО-да тіркемелі техника мен крандар шығарылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Астанада Өндіріс көшесі уақытша жабылды
Астанада Өндіріс көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш мыңнан астам жалған техникалық байқаудың күші жойылады
Техникалық байқау ережелерін бұзу фактілері анықталған үш мыңнан астам диагностикалық карталардың күші жойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Педофилге әділ жаза бермеген судьяның тағдырын Сот жюриі шешетін болды
Жоғары сот кеңесі Түркістанда 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге жұмсақ жаза тағайындаған сот төрағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ кеңестің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Алматылық дәрігерлер науқасты инсульттан кейін аяғына тұрғызды
82 жасар науқас бұдан 12 жыл бұрын инсульт алған еді, бұл жолы да ауыр қайталанған инсультпен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жеке мектептің лицензиясы болмағаны үшін қызметі тоқтатылды
Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарлауынша, Атырау облысындағы жекеменшік мектептің лицензиясы болмауына байланысты қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кәсіпкерлікті дамыту жобасына 577,4 мыңға жуық адам қатысты
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 577,4 мың адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Үкіметке азық-түлік қолжетімділігін арттыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
«Kutty Meken» мобильді қосымшасы іске қосылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Туризм және спорт министрлігі этникалық қазақтардың «қандас» мәртебесін алуға өтініш беру процесін жеңілдету үшін «eQonaq» ақпараттық жүйесі негізінде құрылған «Kutty meken» бірлескен жобасын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерболат Мақсұтханұлы Ибрайханов Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады BAQ.KZ.
-
ШҚО полицейлері тұрғынға дрон арқылы жоғалған малын тауып берді
ШҚО полицейлері тұрғынға дрон арқылы жоғалған малын тауып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Аптаның соңғы күндері ауа райы қалай құбылады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2023 жылғы 12-14 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да денсаулығы жарамаса да көлік жүргізіп жүрген 5 адам анықталды
Жергілікті прокурорлар олардың көлік құралдарын басқару құқығына шектеу қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Шетелде тұратын бауырларымызды қолдауға қашанда баса мән береміз - Президент
Мемлекет басшысы «Отандастар» форумына қатысушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Жұмысынан айырылған 155 мыңнан астам адам МӘСҚ-тан төлем алды
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 155,4 мың адамды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«7-20-25». Пара беру - Үкімет жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «7-20-25» бағдарламасына қатысты айтылған сынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Отандастар форумы. Салжанов шетел тәжірибесін елге тарту керегін айтты
Бұл туралы Отандастар форумының бас серіктесі «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы, кәсіпкер Исламбек Салжанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ринат Заитов Дүйсеноваға: Өтірік айтасыздар
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Заитов Үкіметтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкент тұрғыны әйеліне жүргізуші куәлігін алып беремін деп 350 мың теңгесінен айырылды
Шымкент тұрғыны әйеліне жүргізуші куәлігін алып беремін деп 350 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Алматыда азық-түлік бағасы қандай
Алматыда азық-түлік бағасы тұрақты, дегенмен тұрғындар бағаның шарықтап бара жатқанын, тапқан қаржының басым бөлігі азық-түліктен артылмайтынын айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлымның осы жақта үйленуін армандаймын – Германия қазағы
Бұл туралы Германияның Кельн қаласында тұратын Еуропа қазақтары қауымдастығының төрайымы Садия Сүрер Отандастар форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауғанстандағы зілзала: Елімізден кезекті гуманитарлық жүк жөнелтіледі
Қазақстан зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға шұғыл гуманитарлық көмек жіберді. Онымен қоса ұлттық жасақ та құтқару жұмыстарына қолғабыс ету үшін жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есік қаласының әкімі пара алды деп күдікке ілінді
Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
«Ресми өтініштер бар». Балаева дін туралы заң жайында
Қоғам тарапынан ресми өтініштер бар.
-
Прокуратураның араласуынан кейін инвестордың проблемасы шешілді
Президенттің тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан нарығына келетін бесінші әуе компания қандай?
Қазақстан нарығында бесінші әуе компаниясы пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дүйсенова: Қоғамдағы діни сауаттылықты көтеру керек
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова елдегі дін мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтарды әкелуге Израильге қосымша әуе рейсі жіберіле ме?
Израильдегі жағдай бойынша еліміз азаматтарды әкелуге тағы әуе рейсін жіберу мәселесі сөз болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министр: Жанар-жағармай бағасы өсіп жатса, билет бағасы қалай төмендейді?
Мәжілістің жалпы отырысында көлік министрі Марат Қарабаев шетелден әуе компаниясын алып келуді айтқан еді. Осы орайда министрге журналистер кулуарда билет бағасы жайлы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бас мүфти оқушы қыздардың орамал мәселесіне қатысты пікір білдірді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысының кулуарында қыз баласы қанша жасынан орамал тағу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Домбыра харам ба? ҚМДБ жауап берді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысының кулуарында домбыра харам емес екенін айтып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу үшін заң керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
10 алтын, 22 күміс, 48 қола. Мемлекет басшысы Азиада жүлдегерлерін қабылдады
Мемлекет басшысы Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Google-да жұмыс істейтін қазақ қызы шетелде жастар кеңесін құруды ұсынды
Отандастар форумында АҚШ-тан келген Google компаниясының қызметкері Арай Сабыржан өз ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді. Бұл туралы Съезі Хатшылығының XXI отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZтілшісі.
-
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің 10 жылдық тұжырымдамасы бекітілді
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында Съездің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді Самарқандқа Түркістан арқылы ұшуға болады
Самарқанд-Түркістан бағыты бойынша әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бәпи: Ел ішіне іріткі салған жат діни ағымды санадан да, ауыл-қаладан да қуып шығуға міндеттіміз
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бәпи жат ағымдарға қатысты бастаманы тағы да көтеріп, теріс ағымды ауылдан да, қаладан қуып шығу керек екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде органикалық өнім өндіруге басымдық беріліп жатыр – ғалым
Алматыда «Қазақстандағы органикалық заттар. Жетістіктері. Сын-қатері. Болашағы» атты семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган құрылды
«Кәсіптік біліктілік туралы» Заңды іске асыру аясында адами капиталдың сапасын, халықты жұмыспен қамту деңгейін, Қазақстан азаматтарының табысы мен кәсіби ұтқырлығын арттыруға септігін тигізетін Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Google-да істейтін қазақ қызы АҚШ-тағы қандастары туралы айтты
АҚШ-тың Сан-Франциско қаласынан келген Google компаниясының қызметкері Арай Сабыржан Отандастар форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда туристік үйшіктердің терезелері сынып, қабырғалары майысқан
Алматыда құтқару үйшіктері вандализмнен кейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұшақ билеттері неге қымбаттап жатыр? - Министр жауабы
Бүгін өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарым ұшақ билеттерінің бағасына қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізге қанша этникалық қазақ оралды?
1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,2 мың этникалық қазақ оралды. 16 026 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ортақ тағдыры бар бейбіт әлемді құруға болады - буддист
Бұл туралы Қытай буддистер қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Пу Чжэн Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлтымызды құртып жатқан құмар ойынды тоқтататын кез келді - Нартай Аралбай
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбай Үкіметке құмар ойындарға қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«7-20-25» жемқорлықтың ортасына айналды: Банк қызметкері 1 млн 400 мың пара сұраған
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев елдегі баспана мен үй алу бағдарламаларындағы былықты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Түбі қақтығысқа әкелді». Иран өкілі Құранды өртегендер жайында
«Түбі қақтығысқа әкелді». Иран өкілі Құранды өртегендер жайында
-
Мыңға жуық мектепте асхана мүлдем жоқ - депутат
Бүгін өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова ел мектептеріндегі асханалар туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Халед Акаше: Дін адамы болу – абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік
Бұл туралы Ватикан, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы Ислам мәселелері бюросының басшысы, монсиньор Халед Акаше Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтауда есірткі тасымалдап, сатқан 4 азамат ұсталды
Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Ұлан Ермұханұлы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемдік діндер лидерлері съезінің беделі артып келеді - Балаева
Бұл жайында Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әл-Азхар Исламтану академиясы: Әр діннің өз ерекшелігін ескеруіміз керек
Бұл туралы Әл-Азхар Исламтану академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ШҚО-дағы кеніштердің бірінде екі адам үйінді астында қалды
Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде тау жынысы құлап, екі қызметкер үйінді астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздегі пойыздардың 48 пайызы тозған - Көлік министрі
Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысында депутаттың сауалына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытайдың тарихи телесериалдарын қазақ қызы түсіріп жүр
Шетелдегі қазақтардың басын қосқан Отандастар форумына Қытайдың танымал режиссері Жанар Сағат келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан командасы робототехникадан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ескі Қазақстанның мұрасы темір жол мәселесін қашан шешесіздер - депутат
Үкімет сағатында Парламент мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай көлік министрі Марат Қарабаевқа сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлем дәл қазір даналық, ақыл-ой, парасатқа аса мұқтаж - Назир Мұхаммед
Бұл туралы Әл-Азхар Исламтану академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түк білмегендей қызметіңізге отырдыңыз: Дүйсеноваға шүйліккен депутат Қошановтан сөз естіді
Бүгін өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек министрліктерге сұрақ қоямын деп Мәжіліс спикерінен сөз естіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауғанстандағы зілзала: Отандық құтқарушыларға ең қиын учаске берілді
Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға келгеннен кейін бірден жұмысқа кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
«ХАМАС» ислам дінін қорлады - Адлер
Бұл жайында Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде Израильдің бас Ашкенази раввинінің өкілі Джоэл Адлер мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Баян-Өлгей аймағында 50-ге тарта мектеп оқу ісін қазақ тілінде жүргізеді
Бұл туралы Отандастар форумына келген Моңғолияның Ұлттық ғылым академиясының академигі Бәкей Ағыпар айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дін лидерлері Съезінің Ізгі ниет елшілері институты құрылады
Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемнің көптеген мәселесі түптамырында имандылық дағдарысы тұр - Сенат төрағасы
Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әшімбаев: Дінге сенушілердің сезімін теріс мақсатта пайдаланатындар алаңдатады
Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әзербайжан мұсылмандары Қазақстанға алғыс айтты
Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Заде аумақтық тұтастығын қалпына келтірген Әзербайжан тарихи мұраларын қайта қалпына келтіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Есіл өзеніне 100 мың шабақ жіберілді
Астаналық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Күйгенжар елді мекенінде Есіл өзеніне шабақ жіберу іс-шарасын өткізді,деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қазақстанда 18 түрлі дін мен конфессияға жататын этностық топ өкілдері тұрады
Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аллахшүкір Паша-заде: Сөз бостандығы мен демократия - сылтау
Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Заде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемдік дінбасылары даналығының арқасында адамзат өркениеттер қақтығысына жол бермеді – Әшімбаев
Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде валюта бағамы тағы өзгерді
Ұлттық банк 11 қазандағы арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шетелдегі қазақтар Отандастар форумында бас қосты
Шетелдегі қазақтар ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Отандастар Форумына» жиналып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сот орындаушылар алимент төлеуге арналған ақшаны иемденген
Астана қаласының прокуратурасы қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушыларының қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратаураның ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы: Астанаға 28 делегация келді
Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев отырыстың ашылуында Астанаға 22 елден 28 делегация келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Риддер ЖЭО-сы коммуналдық меншікке беріледі
Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚМА, БҚДА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру өте маңызды мәселеге айналды
Бүгінгі Хатшылық отырысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 20 жылдығы аясында өткізіліп отыр. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хатшылықтың XXI отырысына қатысушыларға арнайы құттықтауын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды
Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ъезі Хатшылығының XXI отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ереванда «Қазақстандық тартылыс күші» деректі фильмі көрсетілді
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысына орайластырылған «Қазақстандық тартылыс күші» деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін". Еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 11 қазанда қолайсыз ауа райына байланысты республикамыздың тоғыз өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда самокат тепкен жасөспірімді көлік қағып кетті
Павлодарда самокат тепкен жасөспірімді көлік қағып кетті, ол жаяу жүргіншілер өткелінен өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жолаушылар пойызының жаңа кесте дайындалып жатыр
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздары үшін жаңа "пакеттік" кесте дайындап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Түркістандық құтқарушыларға өрт сөндіру автокөлікттері табысталды
Түркістан облысы ТЖ департаментіне 26 бірлік өрт сөндіру автомобилі берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жылқыға қатыгездік көрсеткен шымкенттік жауапқа тартылды
Сүндет тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен Шымкент тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Елшісі Молдова Конституциялық сотының төрағасымен кездесті
Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Конституциялық сотының төрағасы Николае Рошкомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ауыл — ел бесігі" жобасы аясында елді мекендерде 56 әлеуметтік нысан бой көтереді
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тель-Авивтен эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға келді
Тель-Авивтен қазақстандықтар мінген ұшақ Алматыға қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстаннан сұйытылған газды әкетуге тыйым салынады
Қазақстанда сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жылға, теміржол көлігімен әкетуге жарты жылға тыйым салынады
Наверх