Әлемдік діндер лидерлері съезінің беделі артып келеді - Балаева

11 Қазан 2023, 11:36
861
Бөлісу:
Әлемдік діндер лидерлері съезінің беделі артып келеді - Балаева
Фото: Арман Мухатов

Бұл жайында Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балаева хатшылықтың күн тәртібі бойынша талқыланатын мәселеде игі шешімдер қабылданатынына сенім білдірді.

20 жыл бойы съезд қызметінде дін лидерлерінің қатысушылары ретінде куәгер болып келе жатырсыздар. Бүгінгі таңда хатшылыққа үлкен қолдау көрсетіп келесіздер. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында съездің беделі артып келе жатыр. VII съезд өткеннен бері бір жыл өтті. Бұл бұрынғы өткен съездерден ерекше болды. Съезд өзінің жұмысының әрбір кезеңдерінде жаңа идеялар мен бастамаларды жұмысына енгізіп келе жатыр. Олар осы қорытынды құжаттарда көрініс тауып отыр және азаматтарға, бүкіл әлем елдерінің үкіметтеріне арналған үндеу ретінде көрініс тапты, – деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Сонымен қатар ведомство басшысының айтуынша, өткен съездің декларациясы ресми құжат ретінде таралған. Ол - БҰҰ-ның Бас ассамблеясында айтылды, декларация 37 тармақтан тұрады.

Әлемдік қоғамдастықтың қолдауына ие әрі бүкіл халықаралық ұйымдардың өкілдері мен жетекші, саяси қайраткерлердің пікіріне ие болды. Бүкіл әлемдік қоғамдастық бұл съездің өткен идеяларын ілгерлетіп жатыр. Соңғы жылдың ішінде 400-ден астам түрлі материал жарияланды. Қазіргі XXI-ші хатшылыққа қатысушылар съездің мақсаты мен идеяларын өз елдеріңізде ілгерлетіп отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздер әлемдік қоғамдастықта бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосып келе жатырсыздар, – дейді Аида Балаева.

Еске салсақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ашылуына Астанаға 22 елден 28 делегация келді. Отырыс барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда 18 түрлі дін мен конфессияға жататын 100-ден астам этностық топ өкілі тұратынын атап өтті.

Бұдан бөлек шара барысында Дін лидерлері Съезінің Ізгі ниет елшілері институты құрылатыны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы