Елімізде органикалық өнім өндіруге басымдық беріліп жатыр – ғалым

11 Қазан 2023, 13:00
780
Бөлісу:
Елімізде органикалық өнім өндіруге басымдық беріліп жатыр – ғалым
Фото: автордан

Алматыда «Қазақстандағы органикалық заттар. Жетістіктері. Сын-қатері. Болашағы» атты семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Семинар-кеңесті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев ашып, елімізде органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау және оларды инспекциялық бақылау саласындағы мәселелерді тілге тиек етті.

Қазақстанда бүгінгі күні органикалық өнімнің өндірісі мен экспортын дамыту үшін жағдай жасау бойынша нақты қадамдар жүзеге асырылып жатыр. Әлеуетті өндірушілер органиканың отандық саласын дамытудың ажырамас бөлігі екеніне көз жетті. Органикалық тағамдар мен сусындар өндірісі әлемде жыл сайын артып келеді. Органикалық ұғымы ауылшаруашылық өнімдерін өсіру және өңдеу тәсілдерін білдіреді. Өнімнің экологиялық тазалығына кепілдікті көп елдер бере алмайды. Дегенмен бұл тұрғыда Қазақстанның әлеуеті зор екенін атап өткеніміз жөн, – дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Ал Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы, профессор Пірімқұл Ибрагимов оқу орнындағы Агробиология факультетінің ғалымдары органикалық ауыл шаруашылығы бойынша үш ғылыми жобаның орындалып жатқанын атап өтті.

Елімізде органикалық өнім өндіруге басымдық беріліп жатыр – ғалым

Қазақстанда органикалық өнім өндіруге басымдық беріліп жатыр. Жаңа жобалардың нәтижелері білім беру бағдарламаларында, оқу-өндірістік практика мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, аталған университеттің ғылыми орталықтары мен зертханаларында органикалық өнімдірге зерттеулер жүргізуге барлық жағдай жасалады. Агробиология факультетінің ғалымдары органикалық ауыл шаруашылығы бойынша үш ғылыми жоба орындалып жатыр, – дейді профессор Пірімқұл Ибрагимов.

Семинар-кеңесте спикерлер органикалық өнімдердің сұранысқа ие екендігін атап өтіп, экспортқа шығару туралы ұсыныстарын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы