Ортақ тағдыры бар бейбіт әлемді құруға болады - буддист

11 Қазан 2023, 12:22
732
Бөлісу:
Ортақ тағдыры бар бейбіт әлемді құруға болады - буддист
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Қытай буддистер қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Пу Чжэн Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлемдік қауымдастықтың соңғы 20 жылдағы болып жатқан оқиғаларына көз жүгіртсек, әлем әлі де сын-қатерлер мен қиындықтарды бастан кешіріп жатыр. Бұл орнықты дамуға жол бермеу, экологиялық-климаттық мәселелер және басқа да өзекті мәселелер. Сондай-ақ адамзаттың күш-жігерін осы проблемаларды шешуге жұмылдыру қажет, - деді ол.

Пу Чжэн барлық ортақ тағдыры бар бейбіт әлемді құруға болатынын айтты.

Адамзаттың алдағы тағдырына қалай әсер етуге болады? Біріншіден, өзара түсіністікке қолжеткізу өркениетаралық түсіністікке қол жеткізеді. Біз әртүрлі өркениеттердің арасындағы дамуды түсініп, үйлесімді дамуға ұмтылуымыз қажет. Яғни әлемдік өркениеттің бақшасы гүлденіп тұруы керек. Басқа өркениеттің жетістіктерін мойындай біліп, бір-біріміздің мықты жақтарымызды толықтыра түсуіміз қажет, - дейді Қытай буддистер қауымдастығының өкілі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 18 түрлі дін мен конфессияға жататын этностық топ өкілдері тұрады. Діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысына 28 делегация келді.  Сьезде Ватикан, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы Ислам мәселелері бюросының басшысы, монсиньор Халед Акаше - Дін адамы болу – абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы