Мыңға жуық мектепте асхана мүлдем жоқ - депутат

11 Қазан 2023, 11:55
693
Бөлісу:
Мыңға жуық мектепте асхана мүлдем жоқ - депутат
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бүгін өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова ел мектептеріндегі асханалар туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы оқу жылынды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту міндеттелді. Бүгінгі таңда бұл қоғам тарапынан өте жоғары қолдау тапқан жоба болды. Өйткені 1,5 млн бүлдіршініміз қазіргі таңда ыстық тамақпен қамтылып жатыр. Оның болашақта да өзектілігі жоғары. Бірақ аталған тапсырманың орындалуына қатысты сайлаушылар тарапынан әлі күнге дейін сын өте көп. Солардың ең негізгісіне тоқталып, сіздерге сұрақ қойғымыз келеді. Бірінші, бүгінгі таңда 800-ден астам мектепте асхана мүлдем жоқ. Олардың ішінде 303 мектепке буфеттік тамақтану ұйымдастырылыпты. 288 мектепке бейімделген асханалардан кейтеринг жүйесі арқылы қоғамдық тамақтандыру орындарынан тамақтану жеткізілуде деп сіздердің хаттарыңыз көрсетілуде. Дәлелді болу үшін сіздердің жауаптарыңызды ала келдім, - деп сұрады депутат Оқу-ағарту ведомствосының басшысынан.

Сонымен қатар ол балаларға берілетін тағам сапасына кім жауап беретінін сұрады.

Бірінші сұрақ: қоғамдық тамақтандыру орындарынан жеткізілетін мектептегі тамақтанудың сапасын кім қадағалайды? Егер төтенше жағдай орын алса, кім жауап береді? Осындай мүлдем асханасы жоқ мектептерге жапсарлас асхана салу мәселесі алдағы уақытта жоспарланған ба? Ол қалай шешіледі?

Екінші сұрақ, бүгінгі таңдағы баға жалпы әрқалай болып тұр. 400 теңгеден 1500 теңгеге дейінгі аралықта бағаның айырмашылығы бар. Осы бағаны біріздендіру үшін не істейсіздер?

Үшінші мәселе, жекеменшік мектептердегі тамақтану мәселесі. Біз депутаттық корпус атынан қазіргі таңда жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысқа осы тамақтануды енгізгенбіз. Әлі күнге дейін Үкіметтен жауап келген жоқ. Бұған позицияларыңыз қандай? – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Ал министр осы тұрғыда жұмыстар атқарылып жатыр деп жауап берді.

Бұған дейін былтыр 1-4 сынып оқушыларының тегін тамақтануы тек қана 8 өңірде 600 мың оқушыны қамтыса, биыл 1 млн 600 мың оқушыны қамтып отыр. Асханадағы тамақтың сапасының арттыруға қатысты бұған дейін де тиісті бұйрықтар қабылданған. Биыл сол бұйрықтарға министрліктің №598 бұйрығы және Денсаулық сақтау министрлігінің №503 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Бүгінгі күні сол бұйрықтарда көрсетілген талаптардың қатаң орындалуы бағытында мониторинг тобы құрылып, бүкіл аймақтарда тексеру жұмыстары жүргізіліп отыр. Оның нәтижесі жоғарыда талқыланып, тиісті шаралар қабылданатын болады, - дейді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ өңірлердегі асханасы жоқ мектептердегі мәселе шешіледі деп сендірді.

Асханасы жоқ мектептерге байланысты негізгі біздің мәліметіміз бойынша аймақтардың беріп отырған 591 мектепте асхана жоқ. Осы асханалардың бәрін ыстық тамақпен қамту мақсатында буфеттік және кейтеринг бағытында тамақтар ұйымдастырылуда. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің де бұйрықтарына енгізілген. Бұл нормаларға қатысты бірлесіп жұмыс атқардық. Дей тұрғанмен, бұл мектептердегі асханалардың соғылуына байланысты барлық өңірде тиісті Жол картасын қабылдау тұрғысынан ұсыныс берілді. Ол бағыттар жұмыстар жүргізілуде. Бұл көбіне шағын жинақты мектептер болып отыр. Балалар санының аздығына байланысты бұл мәселеге жіті зерттеулер жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатын болады. Ал тамақтың бағасына келсек, бүгінгі күні ең жоғарғы баға – 840 теңге, Алматы қаласында. 750 теңге – Ақмола, ең төменгі қаржы 480 теңге – Қарағанды облысында. Орта есеппен республикада 579 теңгені құрайды, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы