Қазақстаннан сұйытылған газды әкетуге тыйым салынады

11 Қазан 2023, 00:22
768
Бөлісу:
Қазақстаннан сұйытылған газды әкетуге тыйым салынады

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жылға, теміржол көлігімен әкетуге жарты жылға тыйым салынады. Тиісті бұйрықты энергетика министрлігі әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Талқылау уақыты 24 қазанға дейін созылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль көлігімен үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу енгізілсін. Бұл шектеу өнімді бөлу туралы келісімі бар немесе жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарты аясында өндіріп жатқан жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қолданылмайды, - делінген құжатта.

Шектеу ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін енгізіледі, деп түсіндірді ведомствода.

Өзгелердің жаңалығы