Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды

11 Қазан 2023, 09:02
1074
Бөлісу:
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды
Фото: Арман Мухатов

Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XXI отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр.

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды

Хатшылық отырысы аясында VIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындылары бойынша пікір алмасу, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы талқыланады.

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды

Съездің ХХІ Хатшылығының жұмысына Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан және т.б. елдерден ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм өкілдері қатысып жатыр.

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды

Хатшылық 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезіне қатысушылардың шешімі бойынша құрылды. Съезд хатшылығының төрағасы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы. Хатшылыққа ислам, христиан (православие, католицизм, лютеранизм), буддизм, иудаизм, индуизм, зороастризм, даосизм, синтоизм сияқты әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өкілетті өкілдері кіреді.

Өзгелердің жаңалығы