2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді

11 Қазан 2023, 13:30
870
Бөлісу:
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді. Бұл туралы Съезі Хатшылығының XXI отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZтілшісі.

Жиында Хатшылық отырысына қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен және Съездің естелік медальдарымен марапатталды. Атап айтқанда, осы диалог алаңының қалыптасып, дамуына қосқан үлесі үшін Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Пашазаде «Достық» орденімен марапатталды. Одан бөлек, бірқатар қатысушыға «Шапағат» медалі және Съездің Құрмет медалі табыс етілді.

2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар коммюнике қабылдады. Онда Съездің 20 жылдағы табысты қызметі және маңызды жасампаз рөлі айрықша атап өтілген.

2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді

 

2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді

Сондай-ақ қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауіпсіздіктің берік жүйесін құру және сын-қатерлер мен проблемаларды еңсеру мақсатында бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс құру туралы идеясына қолдау білдірді. Бұл идеяны іске асыру жолында Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде ұсынған «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастамасы маңызды қадам болатыны да айтылды.

2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді

Кездесуге қатысушылар Съезд Хатшылығының келесі XXII отырысын 2024 жылдың күзінде Астанада өткізу жөнінде шешім қабылдады.

2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді

Сонымен бірге бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 20 жылдығына орай арнайы шығарылған мерейтойлық пошта маркасын салтанатты таныстыру рәсімі өтті. Аталған марка 10 мың дана тиражбен шығарылған. Ол әлемнің филателиялық каталогтарына қосылады.

2024 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXIІ отырысы өтеді
Өзгелердің жаңалығы