Ұшақ билеттері неге қымбаттап жатыр? - Министр жауабы

11 Қазан 2023, 12:42
1096
Бөлісу:
Ұшақ билеттері неге қымбаттап жатыр? - Министр жауабы
Фото: Көлік министрлігі

Бүгін өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарым ұшақ билеттерінің бағасына қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұтынушылар мен сарапшылар қауымдастығы әуе тасымалы бағасының жоғары мәселесін үнемі көтеріп жүр. Бұл туралы талай депутаттық сауал да болды. Атап айтқанда, адамдар төмен бюджетті әуе компаниясының билет бағасының күн сайын қымбаттап бара жатқанын айтады. Air Astana әуе компаниясының еншілесі Fly Arystan жолаушыларды қолжетімді бағамен қамту үшін құрылған еді. Сонымен қатар ішкі туризмді дамытуға негізделген болатын. Ал іс жүзінде лоукестер билеттерінің бағасы бас компаниямен бағасымен теңесіп, жылдан жылға өсіп жатыр. Осындай баға масқара емес пе? Министр мырза, болашақта азаматтарымыз әуе билеттерін қолжетімді бағамен сатып алу үшін министрлік қандай шаралар қарастырылған? – деп сұрады депутат Көлік министрі Марат Қарабаевтан.

Ал министрдің айтуынша, бар мәселе сұраныс пен ұсыныста.

Мәселен, 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда әуе тасымалына сұраныс 17%-ға өсті. Биыл 26%-ға өсіп отыр. Яғни сұраныс артып жатыр, ал ұсыныс оған төтеп бере алмай жатыр. Ол үшін ұшақтардың санын ұлғайту қажет. Былтыр 14 ұшақ сатып алынды, биыл жыл соңына дейін әуе компаниялары тағы 11 ұшақ алады. Нәтижесінде қазақстандық ұшақтарды саны 100-ге жетеді және ондағы орындықтардың саны 12 мыңнан 15 мыңға артады. Тағы 3 мың қосылады. Оған қоса 2024-2025 жылдары тағы 14 ұшақ сатып алу жоспарланып отыр. Екінші мәселе әрине бәсекелестікті дамыту керек. Бұл бағытта Fly Arystan-ды Air Astana әуе компаниясынан жеке шығарып жатыр. Нәтижесінде 4 әуе компаниясы болады, осылайша бәсекелестік артады. Оған қоса біз шетелдік әуе компаниясын тартып, 5-і компаниясы ретінде дамыту жоспарда бар, - деп жауап берді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы