Жолаушылар пойызының жаңа кесте дайындалып жатыр

11 Қазан 2023, 06:22
3202
Бөлісу:
Жолаушылар пойызының жаңа кесте дайындалып жатыр
Фото: Артём Чурсинов

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздары үшін жаңа "пакеттік" кесте дайындап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана-Шу-Астана учаскесінде Тальго вагондарын тіркеген 4 жолаушылар пойызы 20 минут аралықпен жүреді. Олар:

1.№3/4 Астана – Алматы;

2.№9/10 Астана – Алматы;

3.№71/72 Астана – Шымкент;

4.№85/86 Астана – Шымкент.

"Жолаушылар пойыздарының жаңа кестесі тәуліктің күндізгі уақытында 6 және одан да көп сағатқа созылатын жөндеу-жол жұмыстары кезінде пойыздардың кешігу мүмкіндігін азайтады", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ жолаушылар пойызындағы екі стандартты вагондар Тальго вагондарымен ауыстырылады.

1.№9/10 Астана – Алматы;

2.№71/72 Астана – Шымкент.

Бұл пойыздардың жүру уақыты әр бағытта 3 немесе одан да көп сағатқа қысқарады.

Пойыздар қозғалысының "пакеттік" кестесі 2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы