ШҚО-дағы кеніштердің бірінде екі адам үйінді астында қалды

11 Қазан 2023, 11:32
506
Бөлісу:
ШҚО-дағы кеніштердің бірінде екі адам үйінді астында қалды
Фото: - архив

Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде тау жынысы құлап, екі қызметкер үйінді астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта олардың біреуін үйіндіден шығарып алған. Кеуде тұсына қатты соққы келген екен. Қазір аудандық ауруханада жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, дәрігерлер зардап шеккен 27 жастағы адамның жағдайын орташа ауырлық дәрежесінде деп бағалап отыр. Денесінде еш сынық жоқ. медициналық тексерулер жалғасып жатыр.

Altaynews.kz-тің мәліметінше, үйіндінің астында қалған екінші адаммен радиостанция арқылы байланыс орнатылды.

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы құтқару жұмыстары ары қарай жалғасатынын хабарлады.

Аймақ билігі бұл жағдайды дереу бақылауға алды. Барлық қызметтер жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы