Әлем дәл қазір даналық, ақыл-ой, парасатқа аса мұқтаж - Назир Мұхаммед

11 Қазан 2023, 11:15
900
Бөлісу:
Әлем дәл қазір даналық, ақыл-ой, парасатқа аса мұқтаж  - Назир Мұхаммед
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Әл-Азхар Исламтану академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін бүкіл әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Бұл - біздің алдымызда тұрған маңызды борыш. Дін лидерлерінің бейбіт өмір сүруді жүзеге асыруыдағы рөлі өте маңызды, - деді сарапшы.

Ол бұл өзекті мәселе ретінде қаралуы керегіне назар аударды.

Бұл әр сағат сайыт айтылуы керек тақырып. Діни институттар саясаткерлермен бірлесе отырып әлемде бейбітшілікті және барлық адамның салиқалы өмір сүруі үшін жақсы жағдай жасауға қадам жасай алады деп ойлаймын. Бүгін әлем қандай жағдайда тұрғанын көріп отырмыз. Қару-жарақты, зорлық-зомбылықты қолдану арқылы қандай қадамдарға барып отырғанын көріп отырмыздар. Мұның бәрі бүкіл әлем дәл қазір даналық, ақыл-ой, парасатқа аса мұқтаж екенін көрсетеді. Сол арқылы әлем өзінің табиғи жаратылысына қайта орала алады, - деп айтты Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд.

Әл-Азхар Исламтану академиясының бас хатшысы атап өткендей, әлем жәбір көрушілердің құқықтарына көздерін жұмып қарап отыр.

Олардың өмір сүруге құқықтарын мойындамай, өз-өздерін қорғау құқығы бар екеніне көз жұма қарап отыр. Құдайдың дауысын діни лидерлер арқылы жеткізе аламыз. Сонымен бірге Ислам дінінің лидерлері адамдардың барлығы бірдей бейбіт өмір сүруіне шақырады. Сонымен бірге бір-біріне тату көзқараспен қарау сияқты Құранның қағидатарына сүйенеді. Сондықтан бұл азаматтық қоғамның негізгі ұстанымдары діндердің, мәдениеттердің, діни наным-сенімнің маңайында болып жатқан өзгерістерге негізделіп жасалады. Бұл Алла Тағаланың бізге берген жақсылығы деп қабылдауымыз керек, - деп түсіндірді қажы отырыста.

Еске сала кетсек, діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысына станаға 22 елден 28 делегация келді. Дін лидерлері Съезінің Ізгі ниет елшілері институты құрылады.

Өзгелердің жаңалығы