Есіл өзеніне 100 мың шабақ жіберілді

11 Қазан 2023, 10:21
627
Бөлісу:
Есіл өзеніне 100 мың шабақ жіберілді
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астаналық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Күйгенжар елді мекенінде Есіл өзеніне шабақ жіберу іс-шарасын өткізді,деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Су айдынына 100 мың сазан балығының шабағы жіберілді.

Есіл өзеніне 100 мың шабақ жіберілді

Amanat партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жол картасының 123-тармағын іске асыру аясында тиісті басқарма жыл сайын өзенге шабақ жіберу жұмысын жүргізеді.

Есіл өзеніне 100 мың шабақ жіберілді

Жылына 100 мың тұқы және 100 мың ақ амур өсіріледі.

Балықтандыру процесін барлық балық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.

Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығының инкубациялық цехтарынан Есіл өзеніне 100 000 тұқы жіберілді, - делінген басқарма ақпаратында.

Күз мезгілі – балық аулайтын ең жақсы маусым. Шабақтар Есіл өзеніне арнайы жабдықталған автомобильдермен тасымалданады.

Есіл өзеніне 100 мың шабақ жіберілді

Сазан балығына дәмді етінің арқасында сұранысы жоғары. Ол көп қоректенеді және тез өседі. Қамыс өсінділерін, балықтар мен бақалардың уылдырығын, құрт, шаян тәрізділерді, жәндіктерді қорек етеді. Тауарлық сазанның салмағы - 1 250-1 500 г, ұзындығы – 39-41 см. Ол тұщы суда да, ащы суда да өмір сүре алады.

Есіл өзеніне 100 мың шабақ жіберілді

Сандық тұрғыдан алғанда, балық аулау процесі балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының ұсыныстарына негізделеді

Биыл жыл соңына қарай екінші рейспен 100 мың ақ амур шабағы жеткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы