Қытайдың тарихи телесериалдарын қазақ қызы түсіріп жүр

11 Қазан 2023, 11:30
4158
Бөлісу:
Қытайдың тарихи телесериалдарын қазақ қызы түсіріп жүр
Фото: автордан

Шетелдегі қазақтардың басын қосқан Отандастар форумына Қытайдың танымал режиссері Жанар Сағат келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ол кино, телевизия саласында режиссер болып жұмыс істейді. Қытай астанасы Бейжіңде тұрады.

Мен Кеңес Одағы кезінде Мәскеудің кино академиясында оқығанмын. Сол жерде режиссерлік кәсіпті бітіріп, Бейжіңге қайтып, содан бері жұмыс істеп келе жатырмын. Кеңес одағы жаңа ыдыраған кезде ТМД елдерінің «Мир» телеарнасы болған, сонда 1-2 жылдай тележүргізуші болдым. Бірақ кәсібім режиссерлық. Көбіне тарих тақырыбындағы телехикаялар түсіргенмін. Көбі ұлттық марапаттарға ие болды, - деді ол. 

Жанар Сағат өз сөзінде Отандастар форумының ұйымдастырушыларына алғыс білдірді. 

Отандастар форумына алғаш рет қатысып отырмын. Маған өте ұнап жатыр. Кешеден бері сондай жылы жүзбен, жылы көңілмен бізді қарсы алып жатыр. Бағдарлама да жақсы жасалған. Дүние жүзінің әр жеріндегі қазақтардың басын қосып, бір-бірімізбен пікір алмасуға, бір-бірімізді түсініп, білуге өте жақсы мүмкіндік жасаған «Отандастар» қорына рақмет дейміз, - деді ол.

Еске сала кетейік, шетелдегі қазақтар Отандастар форумында бас қосты. Форумда Баян-Өлгей аймағында 50-ге тарта мектеп оқу ісін қазақ тілінде жүргізілетіні айтылды. Шетелден келген 200 қандасқа ұлттық ойындар да көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы