Астанада Өндіріс көшесі уақытша жабылды

11 Қазан 2023, 20:22
648
Бөлісу:
Астанада Өндіріс көшесі уақытша жабылды
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада Өндіріс көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты 11-12 қазан аралығында Солтүстік айналма жолдан «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолына дейінгі бөлікте автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы