Халед Акаше: Дін адамы болу – абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік

11 Қазан 2023, 11:51
828
Бөлісу:
Халед Акаше: Дін адамы болу – абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Ватикан, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы Ислам мәселелері бюросының басшысы, монсиньор Халед Акаше Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Съезд - діни көшбасшылар үшін ғана емес, саяси көшбасшылар үшін де, зиялы қауым өкілдері үшін де, БАҚ өкілдері үшін де бірегей алаң. Диалогтың кездесулер мен бауырластық ниетін ілгерілетудің қолайлы және достық пейілдегі кеңістігін ұсынып отыр, - деді ол.

Халед Акаше отырыста Рим Папасының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінде айтқан 10 ойын оқып берді.

Сонымен қатар монсиньор дін адамы болу – ол абырой ғана емес, бұл үлкен жауапкершілік екеніне назар аударды.

Еске сала кетсек, діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысына станаға 22 елден 28 делегация келді. Дін лидерлері Съезінің Ізгі ниет елшілері институты құрылады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әлемдік діндер лидерлері съезінің беделі артып келетінін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы