Ауғанстандағы зілзала: Елімізден кезекті гуманитарлық жүк жөнелтіледі

11 Қазан 2023, 15:37
769
Бөлісу:
Ауғанстандағы зілзала: Елімізден кезекті гуманитарлық жүк жөнелтіледі
PHOTO
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға шұғыл гуманитарлық көмек жіберді. Онымен қоса ұлттық жасақ та құтқару жұмыстарына қолғабыс ету үшін жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігінің белсенді қатысуымен Ауғанстанның Герат провинциясына қазақстандық арнайы авиабортпен салмағы 1600 тоннадан асатын азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарын қамтитын ірі гуманитарлық жүк жеткізілді.

Ауғанстандағы зілзала: Елімізден кезекті гуманитарлық жүк жөнелтіледі

Қазақстандық гуманитарлық жүкті Ауғанстандағы Табиғи апаттардың салдарымен күрес жөніндегі штабтың өкілдері, атап айтқанда Азаматтық әуежайлардың бас директоры Гарвал Абдул Саттар қабылдады.

Ауғанстандағы зілзала: Елімізден кезекті гуманитарлық жүк жөнелтіледі

Сонымен қатар биыл 10 қазанда Герат провинциясына 45 адамнан тұратын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару тобы келіп, қазіргі таңда Наиброфи елді мекенінде (Герат қаласынан 50 шақырым жерде) құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Ауғанстандағы зілзала: Елімізден кезекті гуманитарлық жүк жөнелтіледі

Жақын арада зардап шеккен ауған халқына темір жол көлігімен «Хайратон» станциясына (Ауғанстанның Балх провинциясы) кезекті ірі гуманитарлық жүкті жіберу күтілуде.

Ауғанстандағы зілзала: Елімізден кезекті гуманитарлық жүк жөнелтіледі

Герат провинциясының губернаторы шейх Нұр Ахмад Ислам Джар ауған халқы атынан қазақстандық тарапқа тұрақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Ауғанстандағы зілзала: Елімізден кезекті гуманитарлық жүк жөнелтіледі

Еске салсақ, 7 қазанда Ауғанстанның батысында (эпицентр Герат провинциясындағы) 2 500-ге жуық адамның қаза болуына, 9 000 адамның жаралануына, сондай-ақ 2 000 үйдің қирауына әкеп соққан қатты жер сілкінісі болды. ҚР Үкіметі ауған халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдап, қол ұшын берді.

10 қазанда 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілді. 

Өзгелердің жаңалығы