Аллахшүкір Паша-заде: Сөз бостандығы мен демократия - сылтау

11 Қазан 2023, 10:02
1818
Бөлісу:
Аллахшүкір Паша-заде: Сөз бостандығы мен демократия - сылтау
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Заде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңес осындай оқиғаларға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, кейбір Еуропа елдерінде жасалған «Құранды» өртеу ісін айыптайтын қарар қабылдады. Биыл БҰҰ сессиясында аталған мәселенің арнайы талқылануы шынымен де, айтуға тұрарлық деуге болады, - деді Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Заде.

Кавказ мұсылмандары төрағасының айтуынша, сөз бостандығы мен демократияны сылтауратып, қақтығыс тудыратын сөздерге жол бермеу - әрбір саяси діни жетекшінің міндеті. 

Сондай-ақ ол діни жетекшілер дінді саяси мақсатта теріс пайдаланатын азаматтармен барынша күресу керегін айтады. Әсіресе, спикер өшпенділікке шақыратын мәлімдемеден аулақ болу керегін баса атап өтті.

Онсызда адамзат қазіргі әлемде жасалып отырған экологиялық және әскери қылмыстар сонымен бірге экожүйенің бұзылуы, азық-түлік тапшылығы секілді дүниелерден өзінің өміріне қауіп төндіріп отыр, - деді Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Заде.

Өзгелердің жаңалығы