Алматыда азық-түлік бағасы қандай

11 Қазан 2023, 16:03
1446
Бөлісу:
Алматыда азық-түлік бағасы қандай
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда азық-түлік бағасы тұрақты, дегенмен тұрғындар бағаның шарықтап бара жатқанын, тапқан қаржының басым бөлігі азық-түліктен артылмайтынын айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.


Тұрғындардың айтуынша, көкеністердің бағасы жаз және күз айларында арзан болған. Ал көктем және қыс айларында бағаның шарықтауы сезіледі.

Биыл жаз айында барлық өнім арзан әрі қолжетімді болды. Дегенмен қыста бағаның біршама өскенін байқаймыз. Алматы секілді алып шаһарда азық-түлік жеткізудің өзі бір азап екенін түсінуге болды. Сол себептен қымбатшылық орнауы мүмкін. Біз осы Алматы қаласында өсірілетін қызанақ, картоп, алма сынды көкеністерді сатып аламыз. Ал ет өнімдерін Алматы облысындағы шаруалардан тапсырыс береміз. Халқының саны 3,6 млн адамды құрайды. Сол себептен болашақта азық-түлік өндіретін зауыттардың іске асырылуын қалаймыз, – дейді қала тұрғыны Қоңыр Бақтыбек.

Алматыда азық-түлік бағасы қандай

Күні кеше ғана кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеген. Тоғыз айдың ішінде қарақұмық жармасы 41,7%, күнбағыс майы 24,1%, қант 12,1%, картоп 8,9%, пияз 4,5%, ұн 2%-ға төмендеген.

Биыл 1 қыркүйектен бастап Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының фермерлерінен сатып алынған 20 мың тонна көкөніс сатылады. Бұған қоса, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Мысалы, Жамбыл облысының фермерлерімен 1 мың тонна пияз жеткізу бойынша меморандумға қол қойылды. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қорларынан нан бағасын тұрақтандыру үшін қаланың негізгі ұн тарту кәсіпорындарына 9,4 мың тонна астық жеткізу пысықталды. Қаланың сауда желілерінде белгіленген, төмендетілген бағамен «Көксу қант зауытында» сатып алынған 3 мың тонна қант және Қызылорда облысынан өндірушілерден сатып алынған 1 мың тонна күріш сатылады,– дейді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Алматыда азық-түлік бағасы қандай

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 10 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әсіресе, күріш, сәбіз бен картоп бағасы айтарлықтай көтеріліп отыр.

Қаладағы сауда орталықтарында азық-түліктің бағасы әртүрлі. Бірінде арзан болса, енді бірінде қымбат. Саудагерлер өзінің ойына келген бағаны ұсынады. Халықтың табысы төмен. Айлығы азық-түлік сатып алудан, жалдамалы пәтерге төлеуден артылмайды. Киім-кешек пен қыдыруға ақшаларын жеткізе алмай отырған жайы бар. Мәселен, картоптың келісі 270 теңге, ал пияз - 150 теңгеден. Ал өсімдік майы мен тұздың бағасы тұрақты. Дегенмен ұнның бағасы өсіп кетті. Бұл нан бағасының өршуіне әкеп соқтырып отыр. Елімізде өнімнің барлығы өндіріледі, бірақ бағаның шарықтап бара жатқанын түсіне алар емеспін. Бізге зейнетке шығуға да аз қалды. Ал көп баласы бар, жартылай жетім отбасылар қалай күнелтпек, осыны уайымдаймын, – дейді Нарботаева Нұргүл есімді тұрғын.

Алматыда азық-түлік бағасы қандай
Өзгелердің жаңалығы