«ХАМАС» ислам дінін қорлады - Адлер

11 Қазан 2023, 10:55
2060
Бөлісу:
«ХАМАС» ислам дінін қорлады - Адлер
Фото: Арман Мухатов

Бұл жайында Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде Израильдің бас Ашкенази раввинінің өкілі Джоэл Адлер мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен Израильде мыңдаған адамның қаза болғанын, террористік әрекеттен көптеген адам жақындарынан айырылғанын қайғыра айтамын, - деп бастады сөзін ол.

Адлер жалпы, Иерусалимнің бейбітшіліктің қаласы екенін атап өтіп, алайда зымыранның дыбысынан оянғанын айтады.

Елестетіңіздерші, ол (зардап шеккен) сіздің балаңыз болса? Бұл озбырлықтар бәрі фанатикалық «Аллаху Акбар» сөзімен іске асты. Олар Исламды қорлап, Құдайға деген сенімді қорлады. Ешбір дін мұндай қатыгездікті қолдамайды. Бұл барлық діни жетекшілердің намысына тиді деп ойлаймын. «ХАМАС» лаңкестері әлеуметтік желілерге айуандық бейнелерді мақтанышпен жүктеп, көпшілікке көрсетті. Бейбіт тұрғындардың өлі денелері, адамдарды көлікпен алып қашуы - мұның бәрі алаңдататын жайт, - деді Ашкенази раввиінің өкілі.

Сондай-ақ ол ХАМАС-тың кепілге бірнеше баласы бар әйелдер мен қарттарды алып отырғанын айтады.

Мұндай кезде неге үнсіз қалуымыз керек? Олар еврей ұлтының өкілі болғандықтан, осындай жағдайға тап болып отыр. Бәрімізді Құдай жаратты, адамгершілік құндылықтар болуға тиіс. Біз рухани лидерлер ретінде адамның қадір-қасиеті мен адамгершілігін қамтамасыз етуіміз керек, - деді Джоэл Адлер.

Өзгелердің жаңалығы