Қазақстан Елшісі Молдова Конституциялық сотының төрағасымен кездесті

11 Қазан 2023, 03:23
538
Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Молдова Конституциялық сотының төрағасымен кездесті
Фото: gov.kz

Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Конституциялық сотының төрағасы Николае Рошкомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында кең ауқымды бағыттар бойынша Қазақстан-Молдова қатынастарының қазіргі жағдайы мен келешегі туралы сындарлы пікір алмасу орын алды.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыға Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформалар, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктері туралы айтып берді, сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауымен таныстырды.

Николае Рошко екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуде елдеріміздің конституциялық соттары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ағымдағы жылдың 7-8 қыркүйегінде Астанада Қазақстанның Конституциялық соты ұйымдастырған «Конституциялық Сот төрелігі: баршаға қадір-қасиет, бостандық пен әділдік»» атты халықаралық конференцияның маңыздылығы мен жоғары деңгейі атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы