Әшімбаев: Дінге сенушілердің сезімін теріс мақсатта пайдаланатындар алаңдатады

11 Қазан 2023, 10:28
550
Бөлісу:
Әшімбаев: Дінге сенушілердің сезімін теріс мақсатта пайдаланатындар алаңдатады
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Діни лидерлер табысты диалог пен өзара түсіністіктің үлгісін көрсетіп жатқан уақытта әлемдік саясатта келіспеушіліктер мен қақтығыстар өршіп келеді. Біз ірі державалардың геосаяси бәсекелестігінің өсуін және халықаралық қауіпсіздік жүйесінің құлдырауын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, Украинадағы және басқа да шиеленісті жерлердегі қантөгісті тоқтату әрекеті әлі де нақты нәтиже бермей отыр. Барлығымызды Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі, көптеген бейбіт тұрғынның құрбан болуы әкеп соқтырған Палестина-Израиль қақтығысының күшеюі алаңдатып отыр, - деп айтты Әшімбаев отырыста.

Сенат төрағасы бұл жағдайда біз қақтығыстың одан әрі өршуіне және кеңеюіне әкелуі мүмкін әрекеттерге жол бермей, оқиғаны бейбіт жолмен шешудің саяси жолдарын іздеуге шақыратынын атап өтті.

Әшімбаев атап өткендей, сонымен қатар біз жаһандық стратегиялық сын-қатерлерді еңсеру бойынша халықаралық күш-жігердің тиімділігі төмендеп жатқанын көріп отырмыз. Бүгінгі өткір дағдарыстар аясында тұрақты даму, климаттың өзгеруі, биологиялық қатерлер, ядролық қарусыздану, теңсіздік проблемасы және т.б. мәселелер екінші орынға шығып отыр. Бұл экзистенциялды қатерлерді қауіпі артып келеді. Оларды еңсеру үшін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың бірлескен күш-жігері қажет.

Жеккөрушілік пен араздықтың таралуы үлкен қауіп болып қала береді. Дінге сенушілердің сезімін теріс мақсатта пайдалануға тырысатын арандатушылардың әрекеттері қатты алаңдатып отыр. Қасиетті кітаптарды өртеу, діни рәміздерді қорлау – бұл халықтар мен діндер арасындағы дұшпандықты қоздыратын вандализм, - деп айтты Съез Хатшылығының басшысы.

Өзгелердің жаңалығы