Еурокомиссия TikTok-ты балалардың қауіпсіздік талаптарын бұзды деп айыптады

Компания өз мәлімдемесінде жасөспірімдердің аккаунттары сарапшылардың қатысуымен әзірленген 50-ден астам құпиялылық және қауіпсіздік параметрімен қорғалғанын атап өтті.

25 Шілде 2026, 02:34
АВТОР
 BAQ.KZ архиві 25 Шілде 2026, 02:34
25 Шілде 2026, 02:34
135
Фото: BAQ.KZ архиві

Еуропалық комиссия ByteDance компаниясына тиесілі TikTok әлеуметтік желісін балалардың онлайн қауіпсіздігіне қатысты Еуроодақ талаптарын бұзды деп айыптады.

Еурокомиссияның алдын ала қорытындысына сәйкес, платформаның кейбір функциялары кәмелетке толмаған пайдаланушыларды кибербуллингке немесе бөтен адамдармен байланыс орнату қаупіне ұшыратуы мүмкін. Егер заң бұзушылықтар расталса, TikTok-қа ірі көлемде айыппұл салынуы ықтимал.

Компания өз мәлімдемесінде жасөспірімдердің аккаунттары сарапшылардың қатысуымен әзірленген 50-ден астам құпиялылық және қауіпсіздік параметрімен қорғалғанын атап өтті.

Еурокомиссияның мәліметінше, TikTok-тағы кейбір әдепкі баптаулар Цифрлық қызметтер туралы заңның (DSA) талаптарына сәйкес келмейді. Атап айтқанда, платформа кәмелетке толмағандардың аккаунттарын көпшілікке ашық етуге мүмкіндік береді, соның салдарынан олардың жариялаған контенті бөгде адамдарға қолжетімді болуы мүмкін.

Сондай-ақ реттеуші жеке аккаунттардың өзі жеткілікті деңгейде қорғалмағанын мәлімдеді. Өйткені мұндай аккаунттарды басқа пайдаланушылардың жазылушылары мен жазылымдары арқылы, тіпті TikTok-та тіркелмеген адамдар да таба алады.

Осыған байланысты Еурокомиссия TikTok-тан кәмелетке толмағандардың аккаунттарына қатысты әдепкі құпиялылық параметрлерін өзгертуді талап етті. Бұл өзгерістер балалардың контентін тек өздері рұқсат берген пайдаланушылар ғана көре алатындай болуы тиіс.

TikTok Еурокомиссияның алдын ала қорытындыларын мұқият зерделеп жатқанын және реттеушімен конструктивті ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеді.

Бұл – Еуроодақтың Цифрлық қызметтер туралы заңы (DSA) аясында TikTok-қа тағылып отырған соңғы екі жылдағы төртінші айып.

Наверх