Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты

Сыйлық қазақ және орыс халықтарын байланыстыратын тарихи-мәдени сабақтастықтың белгісі ретінде ұсынылды. Картинада қазақтың ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Федор Достоевскийдің достығы мен рухани байланысы көрініс тапқан.

 Ақорда 25 Шілде 2026, 23:10
25 Шілде 2026, 23:10
112
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге символдық мәні бар ерекше сыйлық табыстады. Мемлекет басшысы қос халықтың көрнекті тұлғасы Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны тарту етті.

Сыйлық қазақ және орыс халықтарын байланыстыратын тарихи-мәдени сабақтастықтың белгісі ретінде ұсынылды. Картинада қазақтың ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Федор Достоевскийдің достығы мен рухани байланысы көрініс тапқан. Бұл тарту екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен тарихи ортақ құндылықтарға деген құрметтің нышаны болды.

Наверх