Венесуэла мен Перу дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіреді

Тараптардың келісімі бойынша алғашқы қадам ретінде екі ел консулдық қатынастарды қайта қалпына келтіреді.

 depositphotos.com 25 Шілде 2026, 07:48
25 Шілде 2026, 07:48
145
Фото: depositphotos.com

Венесуэла мен Перу үкіметтері екіжақты дипломатиялық қатынастарды толық қалпына келтірудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын үдерісін бастауға келісті. Бұл туралы Венесуэланың Сыртқы істер және сыртқы сауда министрлігі мәлімдеді.

Тараптардың келісімі бойынша алғашқы қадам ретінде екі ел консулдық қатынастарды қайта қалпына келтіреді.

Венесуэла үкіметінің мәлімдемесінде бұл шешімнің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тарихи достық байланыстарды жаңғыртуға бағытталғаны атап өтілді.

Сондай-ақ құжатта Венесуэла мен Перудің қарым-қатынасы Латын Америкасындағы ынтымақтастық пен интеграция қағидаттарына, сондай-ақ екі республиканың қалыптасу кезеңінен бері жалғасып келе жатқан тарихи байланыстарға негізделетіні айтылған.

Наверх