Елімізде бір тәулікте төрт орман өрті тіркелді

Алдын ала ақпарат бойынша, өрттердің шығуына найзағай разрядтары себеп болған.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 25 Шілде 2026, 05:18
25 Шілде 2026, 05:18
115
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстанның орман қоры аумағында 24 шілдеде төрт орман өрті тіркелді.

Өрттердің бірі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, бірі «Катон-Қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, ал екеуі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында болған.

Мамандардың мәліметінше, өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің бақылауы мен ерте анықтау жүйесінің көмегімен дер кезінде анықталған. Орман қызметкерлері мен арнайы техника жедел жұмылдырылып, өрт қысқа мерзімде оқшауланып, оның таралуына жол берілмеді.

Алдын ала ақпарат бойынша, өрттердің шығуына найзағай разрядтары себеп болған.

Қазіргі таңда елімізде найзағайлы ауа райының сақталуына байланысты мемлекеттік орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Орман алқаптарына әуе патрульдері тұрақты жүргізіліп, өрттің алдын алу және жедел әрекет ету шаралары жалғасып жатыр.

Наверх