Алматыда жаңа сейсмостанциялар салынып жатыр

Қалада халықты төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар етуге арналған Mass Alert жүйесін енгізу жұмыстары да жалғасуда.

 Алматы қаласы әкімдігі 25 Шілде 2026, 06:35
25 Шілде 2026, 06:35
179
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта жоспарланған 40 сейсмикалық станцияның 35-інің құрылысы аяқталды.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін жаңа станциялар қолданыстағы сейсмикалық бақылау желісіне біріктіріліп, күшті жер сілкіністерін ертерек анықтап, тұрғындарға жедел ақпарат жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Алматы қаласының айналасында орнатылуы тиіс 70 автоматтандырылған ерте анықтау станциясының 65-і пайдалануға берілді. Қалған бес станцияны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Қалада халықты төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар етуге арналған Mass Alert жүйесін енгізу жұмыстары да жалғасуда.

Бұдан бөлек, Алматыда сейсмикалық белсенділік тұрақты түрде бақылауда ұсталып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың сейсмотұрақтылығын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Наверх