Все новости за 12 қыркүйек 2026
Қыркүйек 2026
| Дү |
Се |
Сә |
Бе |
Жұ |
Сен |
Же |
|
31
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
|
28
|
29
|
30
|
1
|
2
|
3
|
4
|
-
-
Ақтауда мотоцикл мен кроссовер соқтығысып, 16 жастағы жасөспірім ауруханаға түсті
Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы және сол қол сүйегінің жабық сынуы диагнозын қойған.
-
ТЖМ басшысы Ақтөбедегі шахтаның жұмысымен танысты
Шахтада қызметкерлер мен техниканың орналасуы арнайы позициялау жүйесі арқылы бақыланады.
-
Трамп Тоқаевты ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен бірінші болып құттықтады
Ақ үй басшысы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, елдің мәдениеті мен тарихи мұрасына жоғары баға берді.
-
Алматыда Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды
Көрмеге суретші М. Фролова-Багрееваның Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі желісімен салған түпнұсқа графикалық жұмыстары қойылған.
-
Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті
Серджио Гор Қазақстан Президентіне ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Дональд Трамптың құттықтау хатын табыстады.
-
Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды
Головкин 2026–2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамында Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент қызметін атқарады.
-
Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті
Мамандар аюды қауіпсіз қашықтықтан бақылаған.
-
Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады.
-
13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы бұзылып, күн күркіреп, жаңбыр жауады.
-
Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады
Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open финалына шықты. Бұған дейін оның бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі – 1/8 финалға дейін жету еді.
-
Ақмола облысында қатты жел балықшыны көл ортасына алып кеткен
Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
-
Ұлыбританияда эвтаназияны заңдастыру туралы заң жобасы қабылданбады
Құжатқа қарсылық білдірушілер осал топтағы адамдарға қысым жасалуы мүмкін екенін айтып, заң жобасында олардың құқықтарын қорғауға арналған кепілдіктер жеткіліксіз екенін алға тартты.
-
Алматыға 60 елден желаяқтар келеді
Алматыда 27 қыркүйекте мерейтойлық Almaty Marathon өтеді.
-
Иран Ормуз бұғазын ашудың шартын атады
Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы бірлескен теңіз маршрутын құру мәселесін талқылап жатыр. Бұл бағыттағы келісімді халықаралық теңіз ұйымына хабарлау жоспарланған.
-
«Байсейітованың айнасы, Брусиловскийдің фортепианосы»: Алматыда өнер мұражайы қайта жаңғырды
Экспозиция театрдың өткенін бүгінгі күнмен байланыстыратын ерекше мәдени алаңға айналған.
-
Қазақстан БҰҰ мінберінде экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Алматы қаласындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Субөңірлік кеңсесін одан әрі нығайтудың және оны қысқа мерзімде толыққанды өңірлік экологиялық хабқа айналдырудың өзектілігі назар аударылды.
-
Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды
Қазақстан Президентін Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
-
Алматыдағы Абай театры 93-маусымын «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасымен ашады
Қойылымның шығармашылық құрамында қазақстандық және шетелдік мамандар еңбек етті.
-
Алматыдағы Қуыршақ театры жаңа маусымын 4 премьерамен бастайды
Олардың қатарында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын дәріптейтін "Taza.kz" спектаклі бар.
-
Оқушылар мен мұғалімдер тауда адасып қалды
Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды.
-
Биыл Жетісу облысында полиция ұрланған 352 бас малды иелеріне қайтарды
Мал ұрлығына қатысты 9 қылмыстық топ әшкереленді.
-
Қарағандыда бір жасар сәби шұңқырға құлап кетті
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды.
-
Астанада бойжеткен 15-қабаттан құлап, бүлдіршіннің үстіне түсті: екеуі де қаза тапты
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.
-
Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусына шалдыққандар саны 7 мыңнан асты
Эбола індеті елдің жеті провинциясына таралған. Жақында елдің солтүстік-батысындағы Оңтүстік Убанги провинциясында жаңа жағдай анықталды.
-
Халық кредиттерінің жалпы көлемі 26,1 трлн теңгеге жетті
Проблемалық кредиттер 1,9 трлн теңгеге жетті.
-
Қазақстандықтар шетелде өз банкінің қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасай алады
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленов Central Asia Fintech Summit 2026 форумында айтты.
-
Индонезия жағалауында магнитудасы 6,6 болатын жер сілкінісі тіркелді
Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.
-
БРИКС саммиті: Халықаралық медиа орталықта журналистерге қандай жағдай жасалған?
Қазақстандық журналистер Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің шақыруымен БРИКС саммиті аясындағы медиа-турға қатысып жатыр
-
Елімізде қазақ киносының күні аталып өтеді
Қазақ киносының күніне орай «Қазақфильмнің» Жұлдыздар аллеясында режиссерлер, операторлар, суретшілер, актерлер мен кинотанушылардың құрметіне сегіз атаулы жұлдыз ашылады.
-
СҚО-да құтқарушылар 25 гектар аумақты шарпыған өртті сөндірді
Өртті сөндіруге ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардан 154 адам мен 58 арнайы техника жұмылдырылды
-
Атырау облысында емхана күзетшісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Афанасьев ауылындағы медициналық пункттің 59 жастағы күзетшісі Клара Кенжеғалиева жұмыс орнында көз жұмды.
-
Денсаулық сақтау министрі қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз парақшасында жазды.
-
Жетісу облысында шетелге кеткен азаматқа 2,3 млн теңгеден астам зейнетақысы қайтарылды
Прокуратураның араласуынан кейін төлемдер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қайта тағайындалды. Осы уақыт аралығында төленбей қалған зейнетақы қаражатының 2,3 млн теңгеден астам сомасы есептелді.
-
Астанада Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді
500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі әкелінеді.
-
Қоскөлден Делиге дейін: Қазақтың тері мен киізден жасалған туындылары Үндістан төрінде
BRICS Bazaar – түрлі елдердің мәдениетін таныстырып, халықтарды жақындастыратын алаң. Көрмеге көптеген елдің қолөнершілері қатысып, бір-бірімен тәжірибе алмасып жатыр.
-
12 қыркүйекке валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.
-
«Бәйдібек ата» су қоймасы: 9,7 мың гектар жер қосымша сумен қамтылады
Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы тексерілді
-
Бүгін Нью-Делиде БРИКС саммиті басталды
XVIII БРИКС саммитіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен Нью-Делиге жұмыс сапарымен барады.
-
Бүгін еліміздің үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – желдің болмауы немесе әлсіз болуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі.
-
АҚШ-та 11 қыркүйек құрбандарына арналған естелік монета шығарылды
Естелік монетада террорлық шабуыл болған күн көрсетіліп, оның айналасына «NEVER FORGET» («Ешқашан ұмытпаймыз») деген жазу орналастырылған.
-
Тамыз айында тұрғын үй сату-сатып алу көрсеткіші күрт төмендеді
Сату-сатып алу саны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр.
-
Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде қатарынан екінші жеңіске қол жеткізді
FYERS American Gambits командасының намысын қорғап жүрген Асаубаева әйелдер тақтасында Үндістан өкілі Дивья Дешмухпен кездесті. Қазақстандық шахматшы қарсыласын сенімді түрде жеңіп, 4:0 есебімен басым түсті.
-
Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі 12-13 қыркүйекте жабылады
Астанада Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Төле би көшесінің құрылысын салу жобасы аясында жол жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.
Осыған байланысты осы жылдың 12 мен 13 қыркүйек күндері Бұқар
-
Солтүстік Қазақстанда кәсіпорынның 51% үлесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2026 жылғы 21 шілдедегі шешімімен аудан прокурорының талап арызы қанағаттандырылды. 2017 жылғы электрондық аукцион нәтижелері және «Булаев су» ЖШС жарғылық капиталындағы 51% үлесті сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.
-
"Қаза тапқандар бар": Швейцарияда 45 турист мінген автобус аударылды
Жол-көлік оқиғасы Лесс елді мекені маңында тіркелген.
-
Бұршақ жауады, дауыл болады: 12 қыркүйекке ауа райы болжамы
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
-
Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге міндеттеу ұсынылды
Бастаманы жүзеге асыру үшін 1 млн 821 мыңнан астам оқушы мен студентке 1,4 млрд сомнан астам қаражат қажет болады. Бұл шығындарды жыл сайын республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделген.
-
2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды
Қорытынды тізімге 30 спортшы енді.
-
Сауд Арабиясы шабуылдардан кейін 1,2 мың шақырымдық мұнай құбырының жұмысын тоқтатты
Ұзындығы шамамен 1,2 мың шақырым болатын «Шығыс–Батыс» мұнай құбыры Сауд Арабиясының шығысындағы негізгі мұнай кен орындарын Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу портымен байланыстырады
-
Құрылтайдың алдағы отырысында бірқатар маңызды заң жобасы қаралады
Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтайдың алдағы отырысының күн тәртібі айқындалды.
-
Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады
Спортшылар шеруінде Қазақстанның көк туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова ұстайды.
Наверх