Қазақстан БҰҰ мінберінде экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды

Алматы қаласындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Субөңірлік кеңсесін одан әрі нығайтудың және оны қысқа мерзімде толыққанды өңірлік экологиялық хабқа айналдырудың өзектілігі назар аударылды.

 Сыртқы істер министрлігі 12 Қыркүйек 2026, 17:45
12 Қыркүйек 2026, 17:45
156
Фото: Сыртқы істер министрлігі
 
Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Найробидегі кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) жанындағы Тұрақты өкілдер Комитеті Кіші комитетінің 13-ші жыл сайынғы отырысына қатысты.

Б.Садыков 2026 жылғы сәуірде Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммиттің, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша қабылданған "Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы" декларациясының ерекше маңызын атап өтті. Алматы қаласындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Субөңірлік кеңсесін одан әрі нығайтудың және оны қысқа мерзімде толыққанды өңірлік экологиялық хабқа айналдырудың өзектілігі назар аударылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру, сондай-ақ БҰҰ-ның 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп белгілеу туралы резолюция қабылдауына қатысты бастамалары аталып өтті. Елші сондай-ақ Әлемдік су ресурстарын ұтымды басқарудың және осы мақсатта тиісті мандат пен ресурстарға ие мамандандырылған халықаралық құрылым құрудың маңыздылығына тоқталды. Халықаралық планетаны көгалдандыру күнін белгілеу белгілеу Қазақстанның қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, экологиялық хабардарлықты арттыруға және экологиялық проблемаларды шешуге азаматтық қоғамды неғұрлым белсенді тартуға бағытталған жалпыұлттық "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасына толық сәйкес келетіні аталып өтті.

Қазақстан халықаралық экологиялық ынтымақтастықты нығайту және климаттың өзгеруі, су қауіпсіздігі, биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты даму салаларында практикалық шешімдерді ілгерілету мақсатында БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП) және БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін растады.

Наверх