Оның сөзінше, бүгінде Қазақстанда шамамен 184 мың адам өз еркін білдіруін eGov арқылы тіркеп қойған. Келісім білдірушілер саны артып келеді. Алайда күту парағындағы әрбір санның артында өмірін сақтап қалуға деген үміт бар.
Бүгінде 4 867 отандасымыз трансплантаттауды күтуде:
4 311 адамға – бүйректі;
212 адам – жүректі;
314 адам – бауырды;
30 адам – өкпені трансплантаттау қажет.
Біз қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту – денсаулық сақтау жүйесінің ғана міндеті емес екенін үнемі айтып келеміз. Бұл – қоғамның сенімі, ашық қоғамдық диалог және әр адамның саналы түрде қабылдаған шешімі, – деді министр.