Оқушылар мен мұғалімдер тауда адасып қалды

Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. 

 canva 12 Қыркүйек 2026, 16:50
12 Қыркүйек 2026, 16:50
135
Фото: canva
Қарасай ауданында Известковое шатқалында адасып кеткен тоғыз адамнан – 2 мұғалім мен 7 оқушыдан тұратын топты іздеу жұмыстары жүргізілді.

Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ТЖМ Республикалық "Барыс" құтқару қызметінің құтқарушылары, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

Жергілікті жерді барлау үшін жылу түсіргіші бар ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ қолданылды.Таңертең топ тікұшақтан әуеден байқалды. Құтқарушылар оларға жетіп, қауіпсіз жерге - автотұраққа дейін алып шықты, – делінген хабарламада.

Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Наверх