Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті

Мамандар аюды қауіпсіз қашықтықтан бақылаған.

 скрин 12 Қыркүйек 2026, 20:55
12 Қыркүйек 2026, 20:55
152
Фото: скрин

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының мамандары далалық зерттеу жұмыстары кезінде қоңыр аюды кездестірді.

Жабайы жануар құстарды есепке алу бойынша кезекті далалық зерттеу барысында байқалған. Мамандар аюды қауіпсіз қашықтықтан бақылаған.

Қорық өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер жануарлар дүниесін бақылау және табиғи экожүйелердің жағдайын зерттеу барысында тіркеліп отырады.

Айта кетейік, бұған дейін Алтын-Емелде қар барыстары фототұзаққа түсіп қалған болатын.

Наверх