АҚШ-та 11 қыркүйек құрбандарына арналған естелік монета шығарылды

Естелік монетада террорлық шабуыл болған күн көрсетіліп, оның айналасына «NEVER FORGET» («Ешқашан ұмытпаймыз») деген жазу орналастырылған.

 usmint.gov 12 Қыркүйек 2026, 08:55
12 Қыркүйек 2026, 08:55
134
Фото: usmint.gov

АҚШ-тың Монета сарайы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдардың 25 жылдығына орай номиналы 50 цент болатын естелік монета шығарды.

Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады.

Естелік монетада террорлық шабуыл болған күн көрсетіліп, оның айналасына «NEVER FORGET» («Ешқашан ұмытпаймыз») деген жазу орналастырылған.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, арада 25 жыл өтсе де, қаза тапқандар мен олардың отбасыларына берілген уәде өзгерген жоқ.

Ширек ғасыр өтсе де, құрбандар мен олардың отбасыларына берген уәдеміз сол күйінде қалады: біз ешқашан ұмытпаймыз, – деді ол.

Министрдің сөзінше, естелік монетаның шығарылуы террорлық шабуылдардан қаза тапқандардың рухына тағзым етуге және өзгелерді құтқару үшін өмірін қатерге тіккен адамдардың ерлігін ұлықтауға арналған.

Монета АҚШ Монета сарайының сайтында алдын ала тапсырыс беруге қолжетімді.

Еске салайық, 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте болған террорлық шабуылдар салдарынан Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасы қирады. Биыл қайғылы оқиғаға 25 жыл толып отыр.

Алайда ширек ғасыр өтсе де, шабуылды ұйымдастырды деп айыпталған Халид Шейх Мұхаммедке қатысты негізгі сот процесі әлі басталған жоқ. Биыл тамызда сот процестің басталуын 2028 жылға дейін кейінге қалдырған.

 
Наверх