Сауд Арабиясы шабуылдардан кейін 1,2 мың шақырымдық мұнай құбырының жұмысын тоқтатты

Ұзындығы шамамен 1,2 мың шақырым болатын «Шығыс–Батыс» мұнай құбыры Сауд Арабиясының шығысындағы негізгі мұнай кен орындарын Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу портымен байланыстырады

 pixabay 12 Қыркүйек 2026, 02:50
12 Қыркүйек 2026, 02:50
87
Фото: pixabay

Сауд Арабиясы Эр-Рияд пен Медина маңындағы шабуылдардан кейін стратегиялық маңызы бар «Шығыс–Батыс» мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты.

Бұл туралы Financial Times басылымы жазды.

Сауд Арабиясы Энергетика министрлігінің мәліметінше, құбырдың жұмысы сақтық шарасы ретінде тоқтатылған. Шабуылдар салдарынан бірнеше адам жарақат алған.

Қазіргі уақытта апаттық және техникалық қызметтер нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оның жағдайын тексеріп жатыр. Мұнай құбырының қашан қайта іске қосылатыны әзірге белгісіз.

Ұзындығы шамамен 1,2 мың шақырым болатын «Шығыс–Батыс» мұнай құбыры Сауд Арабиясының шығысындағы негізгі мұнай кен орындарын Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу портымен байланыстырады.

Айта кетейік, бұған дейін Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 100 доллардан асқан еді. Сарапшылардың айтуынша, мұнай инфрақұрылымындағы үзілістер әлемдік нарықтағы бағаға қысым түсіруі мүмкін.

Наверх