Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды

Головкин 2026–2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамында Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент қызметін атқарады.

 Ұлттық олимпиада комитеті 12 Қыркүйек 2026, 21:05
12 Қыркүйек 2026, 21:05
90
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды.

Сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтіп жатқан ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында өтті.

Головкин 2026–2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамында Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент қызметін атқарады.

Ал ISSA президенті болып Сауд Арабиясының спорт министрі, елдің Олимпиада және Паралимпиада комитетінің басшысы ханзада Абдулазиз бин Турки Әл-Фейсал қайта сайланды.

Геннадий Головкин 2024 жылдың ақпанынан бері Қазақстан ҰОК президенті қызметін атқарады. 2025 жылдың қарашасында ол World Boxing президенті болып сайланып, Олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқарған тұңғыш қазақстандық атанған еді.

Наверх