ТЖМ басшысы Ақтөбедегі шахтаның жұмысымен танысты

Шахтада қызметкерлер мен техниканың орналасуы арнайы позициялау жүйесі арқылы бақыланады.

12 Қыркүйек 2026, 23:22
АВТОР
 ТЖМ баспасөз қызметі 12 Қыркүйек 2026, 23:22
12 Қыркүйек 2026, 23:22
98
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Дон тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын тексерді.

Министрге аварияларды жою жоспары, өзін-өзі құтқару құралдарын пайдалану тәртібі, қауіпті аймақтан шығу бағыттары және төтенше жағдайда диспетчердің іс-қимылы таныстырылды.

ТЖМ делегациясы шахтаның минус 400 және минус 480 метр деңгейлеріне түсіп, газсыздандыру камерасын, кен өндіру учаскесін, желдету, жарықтандыру және байланыс жүйелерін тексерді.

Шахтада қызметкерлер мен техниканың орналасуы арнайы позициялау жүйесі арқылы бақыланады. Деректер MinePass бағдарламасына түседі. Ал газ жағдайын стационарлық «Сенсон» газ талдағыштары және мамандардың қосымша өлшеулері бақылауда ұстайды.

Бұл жүйелер ықтимал авария кезінде шахтадағы адамдардың орналасқан жері мен ауа құрамын жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Наверх