Иран Ормуз бұғазын ашудың шартын атады

Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы бірлескен теңіз маршрутын құру мәселесін талқылап жатыр. Бұл бағыттағы келісімді халықаралық теңіз ұйымына хабарлау жоспарланған.

 unsplash.com 12 Қыркүйек 2026, 18:18
12 Қыркүйек 2026, 18:18
160
Фото: unsplash.com

Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдеуінше, Тегеран АҚШ тарапынан блокада мен шабуылдар тоқтатылған жағдайда Ормуз бұғазын ашуға дайын.

Пезешкианның айтуынша, АҚШ әскери жолмен өз мақсаттарына жете алмаған соң экономикалық қысымға көшкен. Алайда Иран мұндай қысымға да берілмейтінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы бірлескен теңіз маршрутын құру мәселесін талқылап жатыр. Бұл бағыттағы келісімді халықаралық теңіз ұйымына хабарлау жоспарланған.

Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай тасымалы үшін аса маңызды теңіз жолдарының бірі. Сондықтан оның айналасындағы кез келген шиеленіс халықаралық энергетикалық нарыққа әсер етуі мүмкін.

Наверх