Все новости за 29 маусым 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жамбыл облысының полиция бөліміне 172 жасөспірім жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының полиция бөліміне 172 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Заң шығару процесіне жауапкершілікпен қараймыз – Қошанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жетінші шақырылымдағы Мәжілістің екінші сессиясының жұмысы аяқталды. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
СҚО полицейлері алимент төлемегендерді іздестіріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері алимент төлемегендерді іздестіруде, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Талдықорған маңындағы өзен жағасынан мұнайға ұқсас зат табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округінен 12-13 шақырым қашықтағы Қаратал өзенінің жағасынан белгісіз зат табылды.
-
Каспий саммиті мемлекетаралық мәселелерді кез келген жағдайда шешуге болатынын көрсетті - сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ашхабадта өткен «Каспий бестігінің» VI саммитінің қорытындысы жайлы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Ерболат Сейлеханов өз тұжырымын айтты.
-
«Ауыл - ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобаларын қайта қарау ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жас мамандарды тарту үшін сапалы материалдық-техникалық база, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым құрылуы тиіс. «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында «Ауыл - ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
-
Атырауда құны 900 мың теңге акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасының жолы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде хабарлады.
-
«Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты жылжымалы көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейінің қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары коллекциясының негізінде жасақталған «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты жылжымалы көрмесі ашылды.
-
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан кубогы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада алғаш рет Халықаралық Олимпиада күніне орай 2005 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан кубогы өтті. Жарысқа еліміздің ең мықты командалары қатысты.
-
Аргентинада көлік жүргізушілер ереуілге шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жүк көлік жүргізушілерінің ереуілі басылар емес, деп хабарлады «Хабар 24».
-
Заңсыз субсидияланған 95 млн теңге мемлекетке қайтарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жалпы сомасы 95,2 млн теңгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін заңсыз субсидиялау фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
«Жәрдем» медициналық пойызы Ақтөбе облысындағы жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы 29 маусымнан бастап Ақтөбе облысының шалғайдағы станциялары мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді.
-
Канадада банкке шабуыл жасаған 2 адамды полиция атып өлтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канаданың Британиялық Колумбия штатында банкке шабуыл жасаған 2 адамды полиция атып өлтірді. Атыс кезінде оқ тиіп, жарақат алған 6 сақшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады «Хабар 24».
-
Жезқазғанда бірнеше көлік ұрлаған адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда бірнеше көлік ұрлаған адам қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жетінші Каспий саммиті Иранда өтетін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ерлан Қарин халықаралық конференцияға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады,-деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Жамбылда 2025 жылдан бастап қант өндірісі 150 мың тоннаға дейін артады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында былтыр 19 млрд теңгеден астам қаражатты құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асып, 600-ге жаңа жұмыс орны ашылған.
-
Алматылық әйел өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр
Алматы, BAQ.KZ. Алматылық келіншек өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр. Өйткені, қайтыс болған танысы бір кездері түсініксіз себептермен бірнеше мәрте қыздың аты-жөнін қолданған көрінеді. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
-
Министрлік атуға рұқсат етілген аңдардың саны жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде аңдарды ату лимиті бекітілді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 10 маусымда бұйрыққа қол қойды.
-
Польшада көмір тапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған байланысты тұрғындар қыстың қамын қазірден ойлап, орман-тоғайды кезіп кетті. Айналадағы ағашты кесіп, жаппай отын жинауға кіріскен, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен 50 тыңдаушы оқуын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Құқық қорғау органдары академиясында Антикоррупциялық қызметтен алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен 50 тыңдаушы оқуын аяқтады.
-
Жер-біздің негізгі байлығымыз және жер ресурстарын дұрыс пайдалану өте маңызды - Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер-біздің негізгі байлығымыз және жер ресурстарын дұрыс пайдалану өте маңызды.Бұны цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
-
Қазақстандағы тұтынушылардың 50 пайызында жылу шығынын есептейтін аспаптар жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі энергия тиімділік бойынша жұмыстың маңызды әрі өзекті бағытының бірі – орталықтандырылған жылыту жүйелерінің энергия үнемдеу мәселесі.
-
Саясаткер Президенттің Ашхабатқа бару себебін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саясаттанушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қадамына баға берді.
-
Қасым-Жомарт Тоқаевтың алтыншы Каспий саммитінде сөйлеген сөзі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын білдіре отырып, осы маңызды кездесудің офлайн өткізілуі дер кезінде және дұрыс болғанын айтты.
-
Қонаев қаласында бокстан республикалық турнир өтті
Алматы, BAQ.KZ. Қонаев қаласында бокстан жасөспірімдер арасында көрнекті және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ҚСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған бірінші республикалық турнир өтті.
-
Енді жеке куәлікті 5-10 минут ішінде алуға болады - Мусин
Жақында қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады, деп жазады өзінің Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
-
Жылына 10-15 мектеп салуды көздеп отырмыз – Алтай Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын 10-15 мектеп салуды жоспарлап отырмыз.Бұны елорда әкімі Алтай Көлгінов BaigeNews.kz «2022» жобасында айтты.
-
СҚО тұрғындарының саны жыл сайын 5-6 мыңға азайып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты.
-
Павлодарда жастар ресурстық орталығы мамандары біліктілігін арттырып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің жобасы аясында жастар ресурстық орталықтары мамандарының біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Телеграм каналы.
-
Көлгінов елордадағы тығыз салынған биік үйлердің құрылысына қатысты пікір айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алтай Көлгінов қаланың тым тығыз салынуы мәселесіне қатысты пікір білдірді.
-
Шағалалардың қырылуы неден екені анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Қашаған кен орнының екі жасанды аралында "Шағала" (қара-ала тұқымды) құстарының жаппай қырылу фактілері анықталды. Қазір саны 2750 – ге жетті, -деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар минисрлігі.
-
Смайылов шетелдік компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Astana Finance Days 2022 конференциясының «Энергетикалық және азық-түлік орнықтылығына инвестициялар. Қазақстандық кейс» панельдік сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлады primeminister.kz.
-
Алтай Көлгінов Үлкен Талдыкөл мәселесі туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. BaigeNews.kz сайтының «2022» бағдарламасының эфирінде Елорда әкімі Алтай Көлгінов Үлкен және кіші Талдыкөл көлдерінің жайы туралы айтты.
-
СҚО әкімі елімізде биыл ашылатын Аризона университеті туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты.
-
Көркем еңбек пәні екіге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әлия Чокушева 2022-2023 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы дөңгелек үстел барысында айтты.
-
Алтай Көлгінов әкімдіктің неліктен «ЦУМ» ғимаратын сатып алғанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. BaigeNews.kz «2022» жобасында елорда әкімі Алтай Көлгінов әкімдіктің неліктен «ЦУМ» ғимаратын сатып алғанын түсіндірді.
-
Ерлер әйелдерге қарағанда бүйрек обырына көп шалдығады – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық ғылыми онкология орталығы онкоуролог дәрігері Талғат Құрманов мәлімдеді.
-
Astana LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет - Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. BaigeNews.kz «2022» бағдарламасының қонағы болған елорда әкімі Алтай Көлгінов еліміздегі ең танымал әрі атышулы құрылыс нысандарының бірі – LRT туралы айтты.
-
Алдағы үш күнде жауын жауып, күн суытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
ЛРТ: Көлгінов альтернативті көлік түріндегі жобаның неге іске аспайтынын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елорда әкімі Алтай Көлгінов BaigeNews.kz сайтының «2022» жобасындағы сұхбатында айтты.
-
Астанада бокстан І халықаралық турнир басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Үшкемпіров атындағы «Жекпе-Жек» сарайында бокстан ерлер мен әйелдер арасында I Халықаралық «Елорда кубогі» турнирінің ашылу салтанаты өтті.
-
Алдағы оқу жылынан бастап 1-сынып тек қазақ тілін оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әлия Чокушева 2022-2023 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы дөңгелек үстел барысында айтты.
-
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті, ең алдымен, түрікмен жеріндегі дәстүрлі қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді.
-
Көлгінов ЛРТ-ға қатысты ұсыныстарымен таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлігінов ЛРТ жобасы бойынша түскен ұсыныстарды айтып берді.
-
Елордада қоғамдық кеңестерге арналған стратегиялық сессия өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Аманат» партиясының алаңында қоғамдық кеңестердің өкілдері қоғамдық бақылау институттары жұмысының тиімділігін арттыру бағытындағы жаңа міндеттер мен ұсыныстарды талқылады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
-
Келіп түскен ұсыныстардың 7 пайызы ғана ЛРТ-ны бұзуды қолдайды - Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлігінов ЛРТ жобасы бойынша түскен ұсыныстардың 51 пайызы жоба жалғастыруды қолдап отырғанын айтты.
-
WRO-2022: Елордада робототехникадан республикалық чемпионат басталды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Елордада мектеп оқушылары арасында робототехника бойынша республикалық чемпионат басталды.
-
Мемлекет басшысы Ашхабадқа сапары барысында Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ашхабадқа жұмыс сапары барысында Түрікменстан Ұлттық кеңесі Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Ақтөбеліктер «Жібек саты» операсын тамашалады
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеліктер Джоаккино Россинидің «Жібек саты» атты опера-фарсын тамашалады. Бұл қойылымды ERG компаниясының бастамасымен «Аstana Opera» мемлекеттік опера және балет театрының труппасы келіп қойды.
-
Төрт түлік малдың жүн-терісін шірітіп жатырмыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сырым Ертаев Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға төрт түлік малдың жүн-терісі жөнінде сауал жолдады.
-
Михаил Ломтадзе: Қазақстан цифрландыру бойынша тамаша нәтижелер көрсетіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 маусымда Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Үкімет отырысында сөз сөйледі.
-
Елімізде банктен несие алғандар саны артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері несиелендіру көлемі 1 триллион теңгеден асты, деп хабарлайды LS агенттігі.
-
"Халықтың бюджетке қатысуы" бағдарламасымен 256 жоба жүзеге асырылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева айтты.
-
Наразылық акциялары қаңтар айынан бері тоқтаған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Премьер-министр Әлихан Смаиловқа жолдаған депутаттық сауалында айтты.
-
Атырауда шағалалар қырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда Қашаған кен орнының жасанды аралдарында шағала жаппай қырылып жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлім етті.
-
Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом табыстаудың рәсімі салтанатты түрде өтті.
-
Тоқаев Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Тауар тасымалы: Сарапшы Ресей нарығының қысымынан шығу жолдарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова айтты.
-
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Маңғыстау театры халықаралық фистивальде жүлделі болды
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Грузияда өткен «Театрлық Имерети-2022» фестивалінде «Үздік актерлік ансамбль» жүлдесін жеңіп алды.
-
Қазақстанның этникалық құрамы туралы деректер жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жариялады. Құжат жария талқылау үшін "Ашық НҚА" интернет-порталына шығарылды.
-
Тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне қанша нысан ауысқаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңға қандай түзетулер енгізілді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға түзетулер енгізіліп, Сенат қарауына жіберілді.
-
Қазақстан кореялық компаниямен атом энергетикасын дамыту туралы меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power компаниясымен атом энергетикасын дамыту саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Елордада айналымы 10 миллион теңгенің заңсыз терминалдары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда дүкендерінде 10 миллион теңге айналымы бар заңсыз терминал анықталды, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.
-
Цифрлық стартаптар білім беру саласын қалай өзгертеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Зерде" ұлттық холдингі төрағасының орынбасары Марлен Сихаев Нұр-Сұлтан қаласында төртінші халықаралық білім беру технологиялар форумының кулуарында айтты.
-
51,4 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Биыл 43,4 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды.
-
Медициналық сақтандыру қорына 5 айда 398,4 млрд теңге жарна түсті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жылдың бастапқы 5 айында Медициналық сақтандыру қорына 398,4 млрд теңге түсті. Оның 42,5 млрд теңгесі Алматы қаласына тиесілі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.
-
МӘМС жүйесі аясында реабилитациялық қызметтерге 3,4 млрд теңге жұмсалды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.
-
Экологиялық заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралды.
-
Елордада білім беру технологиялары саласындағы ең ірі конференция өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында төртінші халықаралық білім беру технологиялар форумы өтті.
-
Медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін ЭКО процедурасы артты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.
-
Парламент экологияны бүлдіргендерге жауапкершілікті күшейту бойынша қорытынды шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарылды.
-
Елорда әкімі бүгін LRT-ға қатысты сұрақтарға жауап береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов BaigeNews.kz сайтының «2022» жобасына келіп сұхбат береді. Сұхбат бүгін 15:00-де өтеді. Бұл туралы аталған ақпараттық портал хабарлады.
-
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасы әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлт ұстазы, тіл білімі ғылымының атасы, реформатор, түркі жұртына ортақ ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасы әзірленді.
-
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді.
-
Жаһандық мәселе: шөлді аудандар ұлғайып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы климаттық мәселенің ушығып келе жатқанын айтты.
-
Қазақстандық жазушы өмір бойы ай сайын 500 доллар сыйақы алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы жазушы, бірнеше публистициклық кітаптың авторы
Шархан Қазығұл өзінің Телеграм каналында хабарлады.
-
Ауғанстанда халықтың тең жартысы аштықтан зардап шегіп отыр - Тұқымов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы өзекті болып отырған басты мәселелерді атады.
-
Елордада халықаралық конференция өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.
-
Оқу-ағарту министрі Қарағанды облысына барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов министрліктің Телеграм каналында хабарлады.
-
Арнайы бағдарламаға қатысуға 800-ден астам мұғалім өтініш берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік мұғалімдерді тартуға арналған арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр. Алғашқы аптада 800-ден астам мұғалім өтініш берді.
-
ШҚО-да балалар суициді азаймай отыр
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид деректері көбейіп барады. Бұл өзекті мәселе облыстық прокуратурада түрлі сала мамандарының қатысуымен талқыға салынды.
-
Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.
-
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күнтізбеде шілде айында елорда күні мен Құрбан айт мерекесі бар.
-
Елде Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Pfizer вакцинасын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізіліп, препараттың жарамдылық мерзімі ұзартылды. Осыған байланысты қалған дозаларды енді қыркүйек пен қазанға дейін қолдануға болады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
-
Болгария Ресейдің 70 дипломатын елден шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оларға тыңшылық жасап, Вена конвенциясына қарсы әрекет етті деген айып тағылды. Дипломаттар 3 шілдеге дейін кетуге тиіс. Сондай-ақ ресми София Кремльден елшіліктің штат санын қысқартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Елордадағы Жеңіс даңғылында BusLane енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 шілдеден бастап Жеңіс даңғылында (Есенберлин көшесі – Бөгенбай даңғылы аралығы) 7 жолақты қозғалыс енгізіледі. Оның бірі қоғамдық көлікке арналған (BusLane), деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
29 маусымға арналған метеожағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 маусым күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтыншы Каспий саммиті қарсаңында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты.
-
44-45 градус ыстық болады: 17 өңірде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 29 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
-
Өскеменде екі қыздың үстіне автобус аялдамасының темірі құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде 10 және 12 жастағы қыздарға аялдаманың конструкциясы құлады. Қалада қатты жел соғып, айналаның астан-кестенін шығарды, деп хабарлайды YK-news.kz.
-
Қырғыз елінің экс-президенті Алмазбек Атамбаев ақталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 2020 жылғы қазандағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айып бойынша ақтады, деп хабарлайды Кабар агенттігі.
-
Ерлан Қошанов Қытай Парламентінің Спикері Ли Чжаньшумен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасының Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізді.
-
Петропавлда теракт туралы жалған ақпарат берген адам бас бостандығынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл тұрғыны жарылғыш құрылғы туралы жалған ақпарат бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Наверх