Алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен 50 тыңдаушы оқуын аяқтады

29 Маусым 2022, 18:40
1096
Бөлісу:
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен 50 тыңдаушы оқуын аяқтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Құқық қорғау органдары академиясында Антикоррупциялық қызметтен алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен 50 тыңдаушы оқуын аяқтады. 

Бұл туралы Антикор Телеграм каналында хабарлады.

Бұл Агенттік тарихындағы тұңғыш бітірушілер болып табылады. 6 айға созылған оқуға аумақтық департаменттерде кәсіби дайындық және тағылымдамадан өту кірді. 

Алғашқы кәсіби даярлықтан өтуге іріктеуге 200 үміткер қатысты, емтихан нәтижелері бойынша іріктеуден 50 адам өтті. 

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен 50 тыңдаушы оқуын аяқтады

Академия түлектеріне оқудан өткені туралы сертификаттар берілді, ал ерекше көзге түскен төрт тыңдаушы Академия Ректорының грамоталарымен марапатталды. 

Академияның барлық түлектері «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервіне алынды. 

Бір ай ішінде қызметке тағайындалады. Кандидаттарды кезекті іріктеуді осы жылдың екінші жартыжылдығында өткізу жоспарлануда.

 Өз мансабын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен байланыстырғысы келетін азаматтар үшін Агенттіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылуды ұсынамыз.

Өзгелердің жаңалығы